Басты  /  мақалалар  /  Шатқалды шаттық кернеп... (фото)

Шатқалды шаттық кернеп... (фото)

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ
1695
Шатқалды шаттық кернеп... (фото) Алматының ең көрікті мекені - Медеу шатқалы. Ол - Іле Алатауының солтүстік баурайында Кіші Алматы өзені аңғарында, теңіз деңгейінен 1520 — 1750 м биіктікте орналасқан.

Оны Кімасар тау сілемі қоршап жатыр. Оңтүстік-батысы Құмбелмен, оңтүстігі Медеу спорт кешенімен шектеседі. 

Шатқал демалыс күндері отбасылық демалу мекеніне айналады.

Медеу шатқалы арқылы Мыңжылқы қонысына баратын автомобиль жолы өтеді. Орманды-дала және таулы-орманды географиялық жағдайына байланысты мұнда ерекше таулы климат қалыптасқан.

Шатқал ішінде тамаша мейрамханалар орналасқан.

Ауаның жылдық орташа мөлшері қаңтарда — 4,3 °С, шілдеде 18,1°С. 1400 метрден жоғарыға қарай әр 100 м сайын ауаның жылдық орташа температурасы 0,66 °С-қа төмендеп отырады. 

Медеу -Шымбұлақ бағытындағы жолдар қардан тазаланып жатыр. Ал бұл аумақ енді универсиаданың жауапты сәттерін күтіп алады.

Шатқалдың қақ ортасын Кіші Алматы өзені жарып өтеді.

Суының мөлдірін-ай...

 

Фото: Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ