Басты  /  мақалалар  /  Алты миллиардтың орнына «алтын миллиард»

Алты миллиардтың орнына «алтын миллиард»

Төреғали ТӘШЕНОВ
1365
Алты миллиардтың орнына «алтын миллиард» XIX ғасырда өмір сүрген Британ экономисі Томас Мальтустың жер бетіндегі адам санын реттеуге байланысты идеясы «Мальтус теориясы» ретінде ғылымға енген.

«Жер бетіндегі адам санын 1 млрд 400 миллионнан асырмау керек» деген Мальтустың пікірін ұстанушы теоретиктер және осы пікірді жақтаушылар адам баласының соғыстан, аштықтан және жұқпалы аурудан қырылып отыруын қажетті механизм ретінде қарастырады. Олардың пікірінше, жер бетіндегі адамзаттың саны саналы түрде қолдан реттеліп отырылуы тиіс. Әлемдік жаңа тәртіп – бірыңғай әлемдік үкімет саясатының тіпті биылдың өзіне арналған осындай жоспарлары бар екен. 

Адам санын түрлі аурулар мен соғыстар арқылы азайту туралы мұн­дай ұсыныс білдіру қор­қы­ныш­ты һәм үрейлі.Бұл кон­цеп­ция­ны ізгі жүректі адамдардың ма­құлдауы мүмкін емес. Гандидің: «Жер шарының байлығы бүкіл адамзатқа жеткенмен, тоғы­шар­лар­ға жетпейді» деген ойлы сөзі бар. Бүгінгі рухани тығырыққа тірелген адамзат осындай той­ға­нын білмейтін тойым­сыздардың құрбаны деуге болады. Алла Таға­ла­ның жер бетіндегі пенделерінің бә­ріне жеткілікті ризық-несібесін бер­геніне, мұхиттар мен теңіз­дер­дегі балықтарды мысалға келтіруге бо­лады. Күн сайын жер бетінде мил­лиондаған тонна балық аулан­са да, балық санының бір келіге де азаймауы осыған нақты дәлел. Егер әлемде бейбітшілік сақталып, әділеттілік орнаса, адамдар мен мемлекеттер арасындағы бір-біріне деген өшпенділік жойылса, жер шарының байлығы адам­дар­дың барлығын асырауға жетіп ар­тылады. Әрине, адамзат бір жа­ғы­нан бойдағы тоғышарлықты да ба­рынша тізгіндей білуі керек, ол үл­кен күшті қажет етеді.
Бүгінде біз мекендеген пла­не­тадағы адам саны 7,5 миллиардтан асып түседі. 2050 жылға қарай жер тұр­ғындарының саны 9,2 мил­лиардқа жететін көрінеді. Ал БҰҰ-ның есебінше, 2150 жылы жоқ де­генде бұл сан кем дегенде 12 мил­лиардқа жуықтайды. «Жер биосферасы осынша көп адамды асырай алмайды» деген Батыс саясаткерлері мен ғалымдары «осы ғасырдың аяғында жер бетіндегі адам саны 2 миллиардқа түсуі тиіс» деген қорытынды жасаған. Сонда қал­ған 5,5 миллиард адамды қайда жібермек? 
«300-дің комитеті. Әлемдік үкі­меттің құпиялары» деген кітабында ағыл­шын барлаушысы Джон Ко­ле­ман былай дейді: «2050 жылға қа­­рай 4 миллиардтан астам «жа­ты­п­і­шер арамтамақ» сұрапыл соғыс мен қолдан таратылатын неше бә­лекет жұқпалы аурулардан, же­дел ажал құштыратын қауіпті ке­сел­дерден, қолдан жасалатын ашар­шылықтан жойылып бітуі шарт. Сайып келгенде жербетінде бір миллиардтай адам ғана өмір сүру­ге құқылы. Оның да тең жар­ты­сы жапондықтар мен қытай­лық­тар болуы керек. Себебі, олар ға­сыр­лар бойы билікке шексіз ба­ғы­нып үйренген халықтар. Яғни, қал­ған жарты миллиард жоғары нә­сілділерге құлдық қызмет көр­се­тетін болады». 
Жер бетіндегі халықты қалайда азай­тып, бір миллиард адамды қал­­­дыру мәселесі Ұлыб­рита­ния­ның марқұм премьер-министрі Мар­гарет Тетчердің де аузынан шық­қан. Сол кезде «темір хан­шайым» «Ресейде 15 (он бес) мил­лион адам ғана өмір сүрсе жетеді, оның 2 миллионын темір жол салу­ға, қалғандарын химиялық жә­не металлургиялық өндіріс сияқ­ты лас жұмыстарға пайдалану ке­рек» депті. 
Осылайша, оқымыстылар «Жер – Ана мұнша адамды асырай ал­майды» деп дабыл қағуда. Бұған сыл­тау ретінде жер бетінде күрделі кли­маттық өзгерістер жүріп, ауа мен су әбден ластанып, уланып біт­кенін, жерасты байлықтары тү­ге­сіліп бара жатқанын алға тар­та­ды. Сондықтан адамзат өрке­ние­ті үлкен құрбандықсыз құтқарыл­май­ды-мыс. Не керек, адамзатты алты есеге азайту амалдарының бір­қатары мынадай: 

«Үлкен жаһандық соғыс»
ХХ ғасырдағы Бірінші және екін­ші дүниежүзілік соғыстың ке­сірінен әлемде 250 млн адам көз жұ­мыпты. Қарапайым есепке сал­сақ, сонда орта есеппен 40 жыл ішін­де күн сайын 12 мың адам өл­ген болып шығады. Осыншама құр­бандық «жаңа әлемдік тәртіп» ор­натудың нәтижесі. Сенбейсіз бе? Соң­ғы екі дүниежүзілік соғыстың бо­латынын әлемдік масондық ұйым­ның жетекшісі болған гене­рал Альберт Пайк алдын ала айт­қан екен. Енді оның мұрагерлері Үшін­ші дүниежүзілік соғыс өртін шы­ғарғысы келеді. Бірақ ондай әлемдік үлкен соғыс бола қалса, оның арты термоядролық апо­ка­липсиске ұласып кетуі мүмкін. Сон­дықтан бұл жоба «құпия қо­жайындарға» ұнамайды. Үлкен соғыс болмаған жағдайда есірткі, қару-жарақ, алтын, алмаз сату, мұ­найға, ақша мен БАҚ-қа үстем­дік құру, мәдени азғыру деген секілді «кіші соғыстар» да бар. 1700 жылдан бастап Англияның лорд­тары «демократия» деген сылтау­мен әлем елдерінің ұлттық байлық­тарын суша сорып келе жатыр. Қазір болып жатқан Араб елдерін­дегі соғыстар да англ-саксондық аристократтардың әлемді үлкен масштабтағы қайта бөліске салуы­ның басы. Бұл – алыстан ойлас­ты­рылған, тыңғылықты дайындық­пен басталған «үлкен ойын». Тунис пен Мысырдағы, Ливия, Ирак, Йемен мен Сириядағы жағдай бар­лық араб елдерінде қайталанып, революцияның соңғы нүктесі Сауд Арабиясында қойылады. Болжам солай. 

«Дәстүрлі отбасылық құнды­лық­тардың тамырына балта шабу»
Ұзақ мерзімге арналған страте­гиялық тәсілдің бірі. Батыс қоға­мын­да бұрыннан бар, қазақ қоға­мына 90-жылдардың соңынан сұ­ғына ентелеп келе жатқан «аза­мат­тық неке» осы жобаның бір иірімі. Осы­дан махаббат, отбасы, бала-ша­ға және т.б. құндылықтар ая­қасты болуда.

«Жасасын біржыныстық неке!» жо­басы
Еркек пен еркектің, әйел мен әйелдің үйленуін, гомосексуализм­ді жолын тауып насихаттау, сана­лар­ға сіңіру. 

«Жарқын болашаққа арналған азық-түлік» жобасы
Жер тұрғындарын азайтудағы ең тиімді жоба саналады. Себебі, адам­заттың азық-түліксіз күні жоқ. «Адам­ға тәжірибе жасауға бол­май­ды, адамзатқа тәжірибе жасауға бо­­лады» деген теорияға тап­тыр­май­тын тәсіл. ГМО қосылған та­ғам­дар арқылы адамдарды биоло­гия­лық мутацияға ұшырату. ГМО қо­сылған картоп, қызылша, соя, кү­ріш, жүгері, қырыққабат, бұр­шақ, пияз, алма, банан, томат, ко­фе, шай, түрлі тәттілер бүгінде кез келген супермаркеттерде сам­сап тұр.

«Виртуальды өмірге басы бүтін бай­лау»
Жүздеген миллион қол­дану­шы­лары бар Желідегі онлайн ин­тер­нет-ойындармен адамдарды зом­би қылып, биологиялық энер­гия­сын сорып алу. Желі алдында жеті сағат отыратындар осылайша ұсақ кеміргіштердің деңгейіндегі биоорганизмге біртіндеп айнала бас­тағанын өздері де білмей қала­ды. 
«Жоғары мода, жалаңаш әйел­дер­дің мүсінін жарнамалау әдісте­рі­мен еркектердің жыныстық жүйе­сін әлсірету, импотенцияға ұшы­рату».
Белгілі бір сексопатолог айт­қан­дай, «мұндай арнайы бағыттал­ған реакция еркек денсаулығына мини-атом жарылысынан кем әсер етпейді».
«Жасанды түсік жасату»
Бір ғана түсік жасатудан бола­тын өлім әлемде кейде соғыстағы өлім­нен де артып кетеді екен. Зерт­теушілердің мәліметінше, аборт жасатуға миллиардтаған доллар жұмсалады. Ресми есеп бойынша, Қазақстанда жыл сайын 80 мың жасанды түсік жасалады. 
Аяғы ауыр әйелдердің түсік тас­тауын тудыратын және бедеу­лік­ке ұшырататын түрлі химиялық қос­палар мен вакциналар сауда­лай­тын фармацевтикалық компа­ния­лар жұмысы жолға қойылған.
1200 жылы жер тұрғындары 360-450 млн, ал 1400 жылы – 350-374 млн адам болған деп есептеледі. Содан бергі өткен 800 жыл ішінде әл­гі сан 7,5 миллиардқа жетіп отыр. Не керек, бүгінде демография әлем­дік қауымдастықтың басын ауыр­татын басты сұрақтардың бірі­не айналды. Бұл орайда мұсыл­ман халықтардың жылдам өсу фе­номені Батыс саясаткерлерінің кө­зіне демографиялық бомба бо­лып көрінуде. Бәрінен бұрын олар­дың Батыс елдерін жайлап бара жат­қаны алаңдатып отыр. 
1950 жылы мұсылмандардың са­ны әлемде 330-350 млн адамды, яғни жер тұрғындарының 13-14 пайызын құраса, бүгінде орта есеп­пен 1,2 – 1,4 миллиард делінеді. Яғни, 50 жылда төрт есе өскен бо­лып шығады. Осылай кете берсе, 2025 жылға қарай мұсылмандар са­ны 2 миллиардқа жетеді. Кейбір діни есептеулер бойынша, 2025 жы­лы мұсылмандар әлем хал­қы­ның 30 пайызын, христиандар бол­са 25 пайызын құрайтын бола­ды (2000 жылы 30 пайыз христиан мен 19 пайыз мұсылман болған). Ал осы ғасырдың ортасында мұ­сыл­мандар әлем тұрғындарының 33 пайызын құрайды, бұл деген – планетадағы әрбір үшінші тұрғын мұсыл­ман болады, жалпы саны 3 миллиардты құрайды деген сөз. Таяу жылдарда мұсылмандардың үш ірі ошағы: Таяу және Орта Шы­ғыста (Батыс Азия мен Солтүстік Африка) – 733 млн, Оңтүстік және Орта­лық Азияда – 671 млн, Оң­түс­тік Африкада – 618 млн және Оңтүстік-Шығыс Азияда – 564 млн мұсылман болатынын әлемдік демографтар қаттап-шоттап отыр. Ал осы ғасыр аяғында мұсылман­дардың саны 3 млрд 300 миллион­нан асып түседі делінуде.
Міне, мұсылмандардың осын­шалықты өсімі Батыстың жы­мыс­қы саясаткерлерін шын шошытып отыр. Сондықтан оларды адам са­нын қалай азайтуға болады деген сұрақ алдымен мазалайды. Мұн­дай­да ең бірінші ауызға алынатыны – соғыс, әрине. 
Әлемдік алпауыттардың арма­ны – алты миллиард адамды қы­рып, орнына «алтын миллиардты» қалдыру. Ол армандары жүзеге асу үшін адамзат алты есеге азаюы керек...