Негізгі бет  /  Жаңалықтар  /  Жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті

Жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті

Айқын-ақпарат
1048
Жұмыс тобының  алғашқы отырысы өтті Кеше Ақордада Қазақстан Республикасы Президентінің шешімімен құрылған Мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысы болды.

Жұмыс тобы мүшелері ұйымдастыру мәселелерін талқылады. Билік өкілеттіктерін қайта бөлу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу барысында жинақталған отандық және шетел­дік тәжірибе, қолданыстағы заңнама­ның және Қазақстан Республикасы Конс­титуциясының нормаларын қолдану прак­тикасы зерделеніп, талдау жасалады.
Жұмыс тобының қызметіне заңгер, ғы­лыми-сарап­тамалық қауымдастығы, сондай-ақ қалың жұртшылық белсене тартылатын болады. Жұмыс тобына Қазақстан Респуб­ликасы Президенті Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков төрағалық жасайды. Топ құрамына ҚР Жоғарғы cотының төраға­сы Қайрат Мәми, ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов, ҚР Парламент Сенаты төрағасының орынбасары Сергей Громов, ҚР Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева, ҚР Конституциялық кеңесінің төрағасы Игорь Рогов, ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев, ҚР Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Талғат Донақов, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры Зинаида Федотова, Д.Қонаев атындағы Еура­зиялық заң академиясының ректоры Өмірәлі Жалаири, Қазақ гуманитарлық заң университеті Азаматтық-құқықтық зерт­теулер ғылыми-зерттеу институтының директоры Төлеш Қаудыров, «Қазақстан заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рақмет Мұқашев кірді.