Негізгі бет  /  Жаңалықтар  /  «АУЫЛ» 19 ҮМІТКЕРІН ҰСЫНДЫ

«АУЫЛ» 19 ҮМІТКЕРІН ҰСЫНДЫ

Айқын-ақпарат
1889
«АУЫЛ» 19 ҮМІТКЕРІН ҰСЫНДЫ Өткен жылы ғана екі партияның бірігуі негізінде қайта құрылған «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы да парламенттік сайлау додасына жаңаша жүрістермен қатысуға бел буды.

 Кеше Астанада кезектен тыс XII құрылтайын ұйымдастырған саяси ұйым партия атынан 19 үміткерін үкілеп, мәжілістің мандатына таласпақшы. Олардың қатарында ірі шаруашылық жетекшілері мен ғалымдардан бөлек кезінде Жамбыл облысын басқарған Бөрібай Жексембин, Ұлттық академиялық кітапхана директоры, ақын Әлібек Асқаров сынды азаматтар бар. Қытайдан жеткен қандасымыз, ұлттық бұйымдар сатумен елге танылған «Әдемі-ай» компаниясының жетекшісі Бахаргүл Төлеген де үміткерлердің тізіміне еніпті.

– Бүгінгі басқосудың орны айрықша, – деп съезді бастады «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы, Сенат депутаты Әли Бектаев. – Ауыл партиясы үлкен саяси сынақ алдында тұр. Елбасы Н.Назарбаевтың жарлығына сәй­кес, елімізде Парламент сайлауы өтеді.Ең ұлы жолдың өзі шағын ғана қадамнан бас­талады. «Ауыл» партиясы елімізбен бір­ге дами отырып, қоғамның өркендеуіне өзі­нің үлесін қоса жүріп, кемелденген сая­си ұйымға айналды. «Елің қуатты болса, ба­ғың тұрақты болады» дейді халқымыз. Күнімізді шуақты ете түсу үшін, елімізді қуатты ету барлығымыздың ортақ пары­зы­мыз. Ел Президенті Н.Назарбаев ха­лық­қа Мәңгілік ел ұлттық идеясын ж­а­рия етті.«Ауыл» партиясы үшін, басты мақ­сат – халықтың дәстүрлі құндылық­та­рын дамыту, Отанымыз – Қазақстанның тәуел­сіздігін арттыру, Мәңгілік елді ны­­­ғайтып, бекіту! Қазіргі заманның жаһан­дық сын-тегеуріндері ел алдында қа­зақ халқының рухани – адамгершілік құн­дылықтарын сақтап қалуға уақтылы және нақты жауап қатуды талап етеді. Біз­дің партия осы мәселемен кешенді және терең айналы­сатын болады.
Әли Бектаев делегаттардың алдында пар­тияның сайлауалды бағдарламасымен та­ныстырып шықты. 20 наурыз күнгі до­даға түсуге бел байлаған «Ауыл» еліміздегі бір­қатар маңызды салаларға мән беріп отыр. Атап айтқанда, халықтың 8 миллио­ны ауылда тұратындықтан партия осы ортаның өмірін өзгертуге күш салмақшы. Оның ішінде ауыл шаруашылығын барын­ша дамыту арқылы елдің мәдениеті мен тұр­мысын түзеп, құндылығы мен қасиетін қор­ғауды айқын мақсат етіп қояды. Банк секторында таратылатын несиенің 3 пайы­­­­зын ғана ауылдықтар алғандықтан мұны да барынша оңтайлы ету жолдарын көз­деп, денсаулық сақтау, мектеп пен балабақшамен қамту, газ бен таза ауызсу жеткізу, интернеттің игілігін көрсету сын­ды қажеттіліктерді қолжетімді етуді жос­парлап жатыр. 
Егер ауылдықтар тиісті межеден өтіп, депутаттық мандатты иеленсе Пар­ла­мент­те бірқатар мәселелерді көтермекші. 
Ауыл өмірінің мол мүмкіндіктерін са­на­малап шыққан Бектаев, кемшіліктерді артықшылыққа айналдыруға болатын­ды­ғына сендірді. Сондай-ақ құрылтай бары­сын­да ұсынылған 19 үміткердің 70 пайызы ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істей­тіндігін, олардың 8-і ғылым доктор­лары мен кандидаттар екендігін еске сал­ды. Делегаттар партия атынан үміткерлерді қол­дап дауыс беріп, сайлауалды бағдар­ламаны да бекітті.

 

Бейсенбай ДӘУЛЕТҰЛЫ, Астана