Негізгі бет  /  мақалалар  /  Динара ұзатылу тойында ән шырқады

Динара ұзатылу тойында ән шырқады

Жолдасбек Дуанабай
1271
Динара ұзатылу тойында ән шырқады   Әнші Динара Қырықбаева Олжас есімді жігітке ұзатылды. Әнші қыз өнердегі біршама әріптестерін тойға шақырыпты.


Қонақтардың қатарында Мирас пен Құралай, Гүлнұр Оразымбетова, Ринго тобы, Жолбарыс Сейфуллин, Меруерт Түсіпбаева және тағы басқалары бар. Тойды Динара мен Олжас бірге ән айтып ашып берді. Әрі қарай белгілі асаба, актер, шоумен Азамат Сатыбалды жүргізді.
Беделді, үлкен мейрамханада аталып өткен тойда Динара ханшайымдар секілді, басына тәж киіп, үстіне қымбат көйлектің бірін ілген. Ең бастысы -  қалыңдық танымал әнші Гүлнұр Оразымбетоваға келін болды.

 

Nur.kz