Негізгі бет  /  мақалалар  /  Бақыт министрлігі бар әлемдегі жалғыз мемлекет

Бақыт министрлігі бар әлемдегі жалғыз мемлекет

Айқын-ақпарат
441
Бақыт министрлігі бар әлемдегі жалғыз мемлекет  Бутан патшалығы – Қытай мен Үндістан аралығында орналасқан Оңтүстік Азия мемлекеті. Бутан мемлекетінің басқарушылық жолындағы басты мақсаты – әр азаматтың бақытты болуына жағдай жасау.

Бұл 2008 жылы тамыздың 24-і күні қабылданған Конституцияның 9-бабында бекітілген. Халықты тіркеу кезінде «Сіз бақыттысыз ба?» деген сұрақ қойылады.

2005 жылы жүргізілген соңғы санақ кезінде жұрт жауабы былай қорытындыланған: халықтың 45.2%-ы – «өте бақыттымын», ал 51.6%-ы – «бақыттымын» деп, тек 3.3% «аса бақытты емеспін» деп жауап берген. Бутанда жалпы ішкі өнім түсінігі – «бүкіл халықтық бақыттылық» көрсеткішімен есептеледі. Бұл Бақыт Мминистрлігі жұмыс істейтін әлемдегі жалғыз мемлекет. Ұлттық саясат бойынша да бақыт ең басты орынға қойылған.

Massaget.kz