Негізгі бет  /  мақалалар  /  Мектеп бағдарламасынан Дарвин теориясы алынып тасталды

Мектеп бағдарламасынан Дарвин теориясы алынып тасталды

Айқын-ақпарат
305
Мектеп бағдарламасынан Дарвин теориясы алынып тасталды Түрік оқушыларына бұдан былай Чарльз Дарвин эвоюлюциялық теориясы туралы айтылмайды. Бұл туралы Түркияның Білім және ғылым министрлігінің басшысы Исмет Йылмаз мәлімдеді, деп хабарлайды Turkishminute порталы.

Министрдің айтуынша, жаңа оқу бағдарламасы биылғы оқу жылына енгізіледі. Жоғары сыныптардың биология пәнінің оқулықтарынан эволюциялық теория алынып тасталды. Оның орнына қоршаған ортаның генетикалық өзгерістерге ықпалы туралы тарау қосылады.

Ведомство басшысы журналистердің сұрағына Дарвин бойынша эволюция – «бұл жай ғана теория» деп жауап берді.

«Дарвиннің еңбегі – бұл тек теория, ғылым осылай дейді. Дәл осындай физикадағы Үлкен жарылыс теориясы бар. Бұл жеке талқылауды қажет етеді», - деп түсіндірді Исмет Йылмаз.

Хабар 24