Негізгі бет  /  мақалалар  /  Кедей мен байдың айырмашылығы

Кедей мен байдың айырмашылығы

Жолдасбек Дуанабай
502
Кедей мен байдың айырмашылығы

1. Байлар қолда бары мен уақытты үнемдейді.
2. Кедейлер тапқанын түгел жұмсауға, байлар табысын еселеуге ұмтылады.
3. Кедейлер жомарт келеді, байлар бір саусағын бүгіп қалуға бейім.
4. Кедейлер кез келген бағаға саудаласады, байлар барлық жерден жеңілдік іздейді.  
5. Кедейлер үнемі «желініп» жүреді, байлар үнемі сараң.
6. Бай азаматтарда артық ақша болмайды, кедейлерде тыққан-пыққан ақша әркезде де табылады.
7. Бай адам тосыннан сауда жасауға қызықпайды.   
8. Дәулетті кісілердің өз ережесі бар.Олар:«Арзанқол дүниелерді сатып ала беретін біз соншалықты бай емеспіз» деген ұстанымды жүреді. 
9. Байлар мүмкіндігіне қарай тіршілік етеді, кедейлер кішкене қаражат тапса өздерін шейхтар секілді сезінеді. 
10. Кедейлер қолынан келгенше табыс табуға ұмтылады, ал, байлар барлық жерден ақша табуға құмар. 
11. Кедей - кедейге, бай - байға көмектеседі.
12. Байлар табысын еселеуге, кедейлер шығындарын жабуға тырысады.
13. Қалталыға қаражат берсең еселеп көбейтеді, ал, кедей миллиондарды қалай жоғалтып алғанын білмей қалады.
14. Байлар шығынды есептеп отырады, кедей қаражатының қайда кетіп қалғанын білмей де қалуы мүмкін. 
15. Кедей ақша туралы ойлап, түрлі мәселелер де айта алады, ал, байлар бұл туралы жақ ашпауға тырысады.
16. Ақша кедей үшін өмірдің мақсаты, бай үшін - үлкен мүмкіндік.
17. Бай ақшаны басқара алады, кедейді ақша басқарады.
18. Кедей несиесіз неге өмір сүре алмайтынына налиды.  
19. Бай нақты деректер мен тапсырмаларды ғана ойлайды.
20. Кедей үнемі мұқтаждықта жүреді.
21. «Жансарайы» бай адамға ақша да, билік те кедергі келтірмейді.
22. Кедейдің жоқшылығы сыртынан да байқалып тұрады.
23. Кедейге байлық берсеңіз оның әлсіз тұстарын бірден білесіз.
24. Шын мәніндегі бай адам бар байлығын жоғалтса да өзі өзгермейді.
25. Кедейдің көре алмайтыны бай адам. Ал, бай кісі кедейге көңіл де бөлмейді.
26. Бай кедейді тыңдай алады, кедей байды тыңдамайды.
27. Кедей әркімнен кінә іздеуге бейім, ал, бай адам себепті өзінен іздейді.
28. Кедейге кез келген дәулетті кісі жұмбақ көрінеді.
29. Кедейді өзгеден асығыстық пен шыдамсыздық ерекшелейді.  
30. Байдың бәрін дәулетті деуге болмайды.