Негізгі бет  /  мақалалар  /  Сәкен Майғазиев барлық әкелерге тән кемшіліктерді атады

Сәкен Майғазиев барлық әкелерге тән кемшіліктерді атады

Айқын-ақпарат
1259
Сәкен Майғазиев барлық әкелерге тән кемшіліктерді атады Үш баланың әкесі, танымал әнші Сәкен Майғазиев барлық әкелерге тән кемшілікті атады. Оның айтуынша, ер адамдар балаларының киіп жүрген киімдеріне зер салып қарамайды.

«Біздер, еркектер назар қоюдан (вниманиеден) жұрдаймыз ғой дейм(ін) да… Балабақшаға барып тұрып, “Қызым, сенің аяқ киімің қайсы?” дегенім қалай кетті?» – деп жазды ол желідегі парақшасында.

Мұны көрген желі қолданушылары күлкіге қарық болды. Көпшілік мұндай жағдайдың әр үйде болатынын айтып жатты.

 

«Папалардың бәрі сондай екен ғой», «Біздің папамыз да емханада қызының тегін сұраса өз әкесінің атын есіне түсіре алмай дал болған», «Демек нағыз еркексіз, аяқ киімді танып қойсаңыз біртүрлі болар еді», «Көп әкелер солай жасайды, ол немқұрайлылық емес, жұмыстары сыртта болған соң солай», – деп пікір білдірді олар.

Желі оқырмандары өнер адамы болғанына қарамастан, Майғазиевтің әркез өз отбасына да көңіл бөлетініне, барлығына үлгеретініне тәнті болды. Мәселен, жуырда ғана әнші қызымен бірге “аққала” жасады.

 

stan.kz