Негізгі бет  /  мақалалар  /  Әлемдегі ең үлкен шырша орнатылды

Әлемдегі ең үлкен шырша орнатылды

Айқын-ақпарат
1459
Әлемдегі ең үлкен шырша орнатылды Шри-Ланка билігі ел астанасы Коломбо қаласында әлемдегі ең үлкен жасанды шыршаны орнатқанын мәлімдеді.

Шырша миллиондаған бүршіктер мен жүздеген мың мерекелік алаумен көмкеріліп, болат шыбықтар мен сымдардан жасалыпты. Оның биіктігі 73 метрге жетеді.

Идея авторлары түрлі дін өкілдері арасындағы өзара түсіністіктің символын жасауға тырысқанын мәлімдеді.

Олар өнер туындысын Гиннестің рекордтар кітабына әлемдегі ең биік шырша ретінде енгізуге өтінім беріп те қойған екен, деп жазды ВВС.

Айта кетейік, қазіргі рекорд 2015 жылы Қытайдың Гуанчжоу қаласында құрылған 53 метрлік шыршаға тиесілі.

Шри-Ланка тұрғындары негізінен буддизм, индуизм және ислам дінін ұстанады. Дегенмен елде католиктер де көп.
 

 

BAQ.KZ