Негізгі бет  /  мақалалар  /  2016 жылы ата-ана жұлдыздар...

2016 жылы ата-ана жұлдыздар...

Айқын-ақпарат
1769
2016 жылы ата-ана жұлдыздар... Жыл соңына жақындады. Он күннен кейін он жетінші жыл кірмек.

Reactor.inform.kz редакциясы жыл қорытындысы ретінде қазақ өнері мен мәдениетіне, Қазақстан спортына ат салысып, қоғамның дамуына үлес қосып жүрген жұлдыздардың жаңалықтарын қорытындылады.

Сонымен бірінші қорытынды, шығып бара жатқан мешін жылы сәби сүйген сұлулар мен әке атанған азаматтар жайында болмақ.

 2016 жылы ата-ана бақытына бөленген жұлдыздар кімдер? - Фото

Қытымыр қаңтардың 24-жұлдызында МузАрттың жарық жұлдызы Сәкен Майғазиев перзентханадан үшінші сәбиін үкілеп шығарып алды. Әділет пен Раянаның соңынан ерген қызына Мәриям деп ат қойды.  Сол кезде «Желiге 7 000-ға жуық ерекше есiмдер ұсынылды. Ұлым Әділеттің ұсынысын анам қабыл алып, ақылдымның есімін Мәриям деп қойдық. Шаңырақтарыңыздан шаттық кетпегей!»-деп қуанышын бөліскен болатын.

2016 жылы ата-ана бақытына бөленген жұлдыздар кімдер? - Фото

Ал, бірі әнімен, бірі биімен көрермен жүрегіне жол тауып, сахнада жарасымды жұп атанған Бүркіт пен Айшаның екінші ұлдары дүние есігін ашты. Өнер иелері 3 жастағы Зейіндерінің соңынан ерген тұлымды ұлға Омар деген есім берді.  

2016 жылы ата-ана бақытына бөленген жұлдыздар кімдер? - Фото
 
Дәл осы айда қазақ эстрадасының қара торы аруы Динара Қырықбаева тұңғышын дүниеге әкелді. Әнші қуанышты жаңалығын «Бүгін, 28 қаңтарда біз Олжас екеуміз ең әдемі қыздың ата-анасы атандық. Мені осы дүниеге әкелген ата-анама рахмет. Қолдауы мен махаббаты үшін жолдасыма рахмет. Жолдасымның ата-анасына, туыстарыма, достарыма, бәріне көп рахмет. Бүгін біздің ең бақытты күніміз. Аллаға шүкір!»-деп жазған еді. Жолдасы Айдын екеуі тұңғыштарына азан шақырып Айша деп ат қойды.

2016 жылы ата-ана бақытына бөленген жұлдыздар кімдер? - Фото

2016 жылы ата-ана бақытына бөленген жұлдыздар кімдер? - Фото
 
Ақырып келген ақпанда «Алдараспан» театрының басшысы, актер Нұрлан Төлендиевтің шаңырағында атұстар дүниеге келіп, Таулан деген есім берілді. Актер осылайша алты баланың әкесі атанды. 

2016 жылы ата-ана бақытына бөленген жұлдыздар кімдер? - Фото

2016 жылы ата-ана бақытына бөленген жұлдыздар кімдер? - Фото 
 
Осы айда танымал әнші Динара Сұлтан да үш қыздан кейін ұлын өмірге әкелді.

2016 жылы ата-ана бақытына бөленген жұлдыздар кімдер? - Фото

2016 жылы ата-ана бақытына бөленген жұлдыздар кімдер? - Фото

 Сәуірде "Жігіттер" квартетінің бұрынғы мүшесі, зор дауысты әнші Еркін Нұржановтың отбасында қыз бала дүние есігін ашты. Еркін мен жұбайы Динараның Қайыр есімді ұлдары бар. Ал, қыздарына қандай есім бергені беймәлім. 

2016 жылы ата-ана бақытына бөленген жұлдыздар кімдер? - Фото

2016 жылы ата-ана бақытына бөленген жұлдыздар кімдер? - Фото

Осы сәуір айында "МузАРТ" тобының бұрынғы мүшесі, әнші Мақсат Базарбаев та қызды болды. Әншінің Аңсар, Айбар, Аят есімді үш ұлы бар.

2016 жылы ата-ана бақытына бөленген жұлдыздар кімдер? - Фото

2016 жылы ата-ана бақытына бөленген жұлдыздар кімдер? - Фото

18-маусымда Елбасының кенже қызы Әлия Назарбаева мен жолдасы Димаш Досановтың ұлдары өмірге әкелді. Әлия Назарбаеваның Тиара, Алсара есімді екі қызы бар. 

2016 жылы ата-ана бақытына бөленген жұлдыздар кімдер? - Фото

2016 жылы ата-ана бақытына бөленген жұлдыздар кімдер? - Фото

 Шіліңгір шілдеде "Жігіттер" квартетінің мүшесі Ердос Қанаевтың қызы дүние есігін ашты. Әнші Әбдурахман, Диасыл ұлдарының соңынан ерген қызына Асылым деп ат қойды.  

2016 жылы ата-ана бақытына бөленген жұлдыздар кімдер? - Фото

Ал күздің алғашқы айында "Әзіл әлемі" театрының актеры, әзілкеш Қанат Әлжаппаров қызды болды. Сәбиге әріптесі Тұрсынбек Қабатов Аянат деп ат қойған. 

2016 жылы ата-ана бақытына бөленген жұлдыздар кімдер? - Фото
 
 Қазан айында актриса,  «Мистерионс» тобының мүшесі Арман Қоңыр мен  тележүргізуші әнші Аша Матай нәрестелі болды. “Аллаға шүкір! Ата-ана атандық. Дүниеге адам әкелу оңай емес. Өз басым қатты қиналдым. Қасымда болған анамның арқасында сәбиімді құшағыма алдым. Рахмет, анашым! Бізді құттықтап жатқан туысқандарымызға, достарымызға, құрбыларымызға, тыңдарман-көрермендерімізге ризашылығымды білдіремін. Әр үйден баланың күлкісі кетпесін!”, – деген еді Аша Матай. Бақытты жұп тұла бойы тұңғыштарына азан шақырып, Асылым деген есім берді. 

2016 жылы ата-ана бақытына бөленген жұлдыздар кімдер? - Фото
 
 Осы айда жазушы, белгілі қаламгер Дидар Амантай мен әнші Гүлбаршын Тергеубекованың да шаңырағында іңгәлаған сәби үні естілді. Қаламгер дүние есігін ашқан кесте тігеріне Рәбия-Сұлтан Бегім деп ат қойды. 

2016 жылы ата-ана бақытына бөленген жұлдыздар кімдер? - Фото
 
Ал қарашада "Жау жүрек мың балада" басты рөлді сомдаған актриса Әлия Әнуарбек ана атанды. Бірақ жұбайы Азамат екеуінің қыздарына қандай есім бергені белгісіз. 

2016 жылы ата-ана бақытына бөленген жұлдыздар кімдер? - Фото

2016 жылы ата-ана бақытына бөленген жұлдыздар кімдер? - Фото

Елдің сүйікті әншісіне айналған Мөлдір Әуелбекова да осы айда ұлды болды. Жолдасы Арыстан екеуі тұла бойы тұңғыштарына Салтай деген есім берді. 

2016 жылы ата-ана бақытына бөленген жұлдыздар кімдер? - Фото

Ал ызғарлы желтоқсанда үш мәрте "Қазақстан барысы" атанған балуан Бейбіт Ыстыбаев екінші рет әке атанды. Спортшы бұл қуанышты жаңалықты әлеуметтік желіде жария етіп, жұртшылықтан сүйінші сұрады. "Сүйінші! Шаңырағымда ұлы қуаныш! Дүниеге сəби келді. Нəрестелі болдым, қызды болдым ағайын. Өрісімді кеңейткен Аллаға сансыз мадақ. Қуаныштан жүрегім жарылардай болып тұрмын. Жеңістің 40 жылдығында дүниеге келіп атымды Бейбіт қойып еді, ұлы мереке тəуелсіздіктің 25 жылдығында қызым дүние есігін ашты. Жақсы ырымға балап отырмын. Ұлы мерекеде дүниеге келген балапанымның бақытын баянды ете гөр Алла!"-деп жазған еді. Бейбіттің Бексұлтан атты ұлы бар. 

2016 жылы ата-ана бақытына бөленген жұлдыздар кімдер? - Фото

2016 жылы ата-ана бақытына бөленген жұлдыздар кімдер? - Фото

http://reactor.inform.kz/kz/2016-zhyly-ata-ana-bakytyna-bolengen-zhuldyzdar-kimder-a34603