Негізгі бет  /  мақалалар  /  Билл Гейтс бейтаныс қызға сый жасады

Билл Гейтс бейтаныс қызға сый жасады

Айқын-ақпарат
1271
Билл Гейтс бейтаныс қызға сый жасады Атақты Microsoft компаниясының негізін салушы, компания акционері Билл Гейтс жыл сайынғы Reddit желісінде өтетін «Құпия Санта» ойынына қатысты.

Ойын шарты бойынша қолданушылар арасында жеребе тасталып, кімнің кімге құпия сый жасайтыны анықталады. Әлемдегі ең бай адамдардың бірі Билл Гейтс осымен төртінші жыл қатарынан осы ойынға қатысып жатыр. Ол осы жолы Алисия есімді бойжеткенге сыйлық жасауы керек болды.

Алисия былтыр да ойынға қатысқан. Алайда, оған құпия Сантасы ешнәрсе бермеген екен. Осы жолы Билл Гейтс оның аккаунтын тексеріп көріп, оның талғамына сай келетін сыйлықтар жасады.

Анығын айтсақ, ол The Legend of Zelda-ның Xbox One ойынын, үш түрлі бақылағыш, бірнеше дисктер мен видеоойындар,аспаздық кітапшалар, жылы киімдер мен «Марсианин», «Конец тура», «Поверь: история Эдди Иззарда» секілді өзінің сүйікті фильмдерін тарту етті.

gi-25575-126188-big

Гейтс сыйлықтарына өз қолымен жазба қалдырды. Онда «Сізге былтырғы жылы құпия Сантаңыз ешнәрсе сыйламады дегенге сене алмай жүрмін. Бұл ойынға деген сеніміңізді жоғалтпас үшін сізге бірнеше сый жасағым келеді. Сіздің көңіліңізден шығады деп үміттенем. Сондай-ақ, мен сіздің атыңыздан студентер информатиканы жақсы оқу үшін Code.org мектебіне қайырымдылық жасадым. Ізгі ниетпен Сиэтладан Билл Гейтс» деп жазылған.

Алисия бастапқыда көптеген сыйлықты көріп аңтарылып тұрып қалған. Кейін оның қайдан келгенін білген соң, қуанышы қойнына сыймады.

«Арнайы Minecraft басылымы Xbox One! Гейтс мырза, сізге көп-көп рахмет! Мен бұл Рождествоны ешқашан ұмытпаймын!», – деп алғысын білдірді ол.

Стан. кз