Негізгі бет  /  мақалалар  /  Төреғали тебірентті

Төреғали тебірентті

Айқын-ақпарат
1158
Төреғали тебірентті Төреғали Төреәлі анасына ән арнап, тыңдармандарын тәнті етті. Әнші желідегі парақшасына әннің үзіндісін жүктеді.

Әнші жаңа әніне Қырғызстан елінің астанасы Бішкек қаласында бейнебаян түсіріп жатқан ұқсайды. Ән авторы бұған дейін де талай хитті жарыққа шығарған ақын – Қайнар Алагөзовтікі.

Желі қолданушыларын Төреғалидің жарық дүние сыйлаған анасына деген махаббатын әнмен жеткізуі тәнті етті. Олар бейнебаянның ескі стильде түсіріліп жатқанын байқап қалды.

“Бойыңдағы талантың мүмкін емес Ақ Төрем”, “Әуені әдемі екен”, “Ана деп ән салудан жалықпа, балам. Анаң әркез жаныңнан табылсын”, “Қазақтың маңдайына біткен біртуар азаматысың ғой”, “Ескі жиҺаздар тұр екен”- деп пікір білдірді олар.

 

Стан.кз