Негізгі бет  /  мақалалар  /  Шыңжаңдық «Қайрат Нұртас» қыздарды шулатты

Шыңжаңдық «Қайрат Нұртас» қыздарды шулатты

Айқын-ақпарат
1172
Шыңжаңдық «Қайрат Нұртас» қыздарды шулатты Қытайдың Тың Шүн (teng xun 腾讯 ) видео порталына жүктелген «Шыңжаңдық Қайрат Нұртас» атты бейнежазба әлеуметтік желіде кеңінен таралуда.

Онда, Қайрат Нұртасқа еліктеген жас жігіт жиналған қауым ішінде Қайрат Нұртастың "Сен де, мен де" әнін орындап тұр. Видеода қыздар шулап, көрермендердің ерекше ықылас көрсеткені байқалады. Дауысы да, ырғағы да, биі де Қайрат Нұртасқа келетін адамның нақты кім екені, концерттің қай жерде өткені әзірге белгісіз. Желі қолданушыларының жазуынша, бұл - Шынжаң педагогикалық Университетінің студенті Айжан Аралжан. Бейнежазба аталған оқу орнының алдында түсірілген.  


inform.kz