Негізгі бет  /  мақалалар  /  «Қазақ аруында» басты рөлді 16 жастағы студент сомдайды

«Қазақ аруында» басты рөлді 16 жастағы студент сомдайды

Айқын-ақпарат
1480
 «Қазақ аруында» басты рөлді 16 жастағы студент сомдайды Бұл туралы продюсердің өзі желідегі парақшасында жазды. Жаңа жұлдыздың есімі Гүлзада Тұрлаш. ҚазҰУ студенті екен.

«Міне, біздің жаңа жұлдызымыз Гүлзада Тұрлаш. 16 жаста. ҚазҰУ студенті. Үлкен кастингтен өтіп, бізді өзінің талантына сендірді. «Қазақ аруы» жобамызда басты рөлді сомдайды. Бізге сәттілік тілеңіздер»-деп жазды Баян Мақсатқызы.
 
Баян ханым жыл сайын өзі ұйымдастыратын «Қазақ аруы» байқауы туралы фильм түсіретінін және онда басты рөлді Тәуекел Мүсілім сомдайтынын әлдеқашан айтқан болатын. Енді сол істі білек сыбана бастаған.
 

reactor.inform.kz