Негізгі бет  /  мақалалар  /  Бүркіт жас кезінде қыздардың көз жасына қалғанын жасырмады

Бүркіт жас кезінде қыздардың көз жасына қалғанын жасырмады

Айқын-ақпарат
1456
Бүркіт жас кезінде қыздардың көз жасына қалғанын жасырмады Танымал әнші Бүркіт жас кезінде қыздармен көп жүріп, оларды жылатқанын мойындады.

Өзінің сымбатты екенін және мүсінінің өте жақсы екенін мойындаған Бүркітке журналистер оның қыздарға деген көзқарасы жайында сұрақ қойды.

"Тоқал алу мәселесіне қалай қарайсыз?", - деген төтесінен қойылған сұраққа Бүркіт оған қарсы екенін айтты.

"Менің ойымша адамға бір әйел жеткілікті. Мен әйелімнің көзіне шөп салмаймын. Ондай әрекетке барсам, екі баламның көзіне қалай қараймын. Оған уақытым да жоқ. "Қазақ байыса қатын алады" деген. Ондайды түсінбеймін", - деді ол.

"Жасырмаймын, жас кезімде қыздармен көп жүрдім. Жақсы бардым десем де болады. Бірақ, оның барлығы бойдаққа жарасады", - деген Бүркіт қыздарды көп жылатқанын да айтып қалды.

Нұр.кз

 

Нұ