Негізгі бет  /  мақалалар  /  «Скиф алтыны» Қырымға қайтарыла ма?

«Скиф алтыны» Қырымға қайтарыла ма?

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
946
«Скиф алтыны» Қырымға қайтарыла ма? Қырымның бес музейі Амстердамдағы сотқа ұжымдық шағым түсірді.

Онда Нидерландыдағы көрмеге апарылған «Скиф алтыны» жәдігерлерін Қырымға қайтару туралы сөз болады. Музей қызметкерлерінің ойынша, тарихи жәдегерлер өз отанына оралуы тиіс.

Әңгіменің ашығына келер болсақ, Қырымның бес музейінен Бонн қаласында өткен көрмеге СКИФ алтыны апарылғаны белгілі.  Дәл сол кезде Қырым Ресейге қосылды. Алайда Бонн қаласында өткен көрмеден кейін  тағы да мамыр айында Амстердамда тарихи жәдігерлердің жәрмеңкесі өтті. Бонн қаласынан Скиф алтыны Амстердамға апарылды. Ал тамыз айында үш айға созылған көрме аяқталғанымен, аяқ астынан басталған даудан кейін алтындар Нидерландыда қалып қойды. Шынымен, қырымдықтардың шырылдайтындай жөні бар. СКИФ алтыны аз емес, 565 жәдігер болып отыр.  Ал ресми Киев болса, «бұл Қырымның емес, Украинаның меншігі болып есептеледі» деп, олар да Интерполға шағым түсірді.  Қазір Қырым Республикасы мен Украинаның Мәдениет министрлігі арасында дау туып отыр. Бірақ Амстердам Скиф алтынын әлі ешкімге берген жоқ. Ал қымбат экспонаттар кімге тиесілі, ол жағын сот анықтайды. Қырымның бес музейінің басшылары «Еуропа антиресейлік көзқарастан ада болған жағдайда экспонаттарды қайтарады. Оған дейін жағдайды қасақана соза түсуі мүмкін. Сондықтан Украина оқиғаны әдейі саясиландыру үстінде» деп отыр.