Негізгі бет  /  мақалалар  /  Ұйқысыздықты қалай жеңуге болады?

Ұйқысыздықты қалай жеңуге болады?

Жолдасбек Дуанабай
829
Ұйқысыздықты қалай жеңуге болады? Америкалық ғалымдар ұйқысыздықты болдырмаудың бір жолын ұсынды. Шын мәнінде уақытылы көз ілмеу адамды ауруға ұшыратады.

Сондықтан түніне сирек ұйықтайтын жандарға дәрігерлер тосын кеңес берді. Себебі АҚШ-та мамандар көптеген зерттеулер барысында кешке қарай бір мезгіл жүгіру жақсы ұйықтауға мүмкіндік беретінін анықтады. Бұл адамның денесін тік ұстауына, серек жүруіне көмектесумен қатар қуатыңызды дұрыс жұмсаудың нәтижесінде жақсы тынығуға да себепші болады екен. Әрі ұзақ жасауға да көмегі тиеді.

«Ұзақ жасау» демекші,  спорттың үш түрі адам жасын ұзартуға көмектесетін көрінеді. Сидней университетінің ғалымдары аэробика, жүзу және теннис ойнайтындардың жүрек-қан тамырлары өзгелерге қарағанда дұрыс жұмыс істейтіндігін анықтады. 11 жылда 80 мың адамға жасалған тәжірибе жұрттың бір бөлігін қызықтырып отыр. Айталық теннисшілердің өлімі 52 пайызға, суда жүзетіндердікі 41 пайызға, аэробикамен айналысатындардікі 36 пайызға азаяды.