Негізгі бет  /  мақалалар  /  КешYOU тобының құрамы тағы өзгеретін болды

КешYOU тобының құрамы тағы өзгеретін болды

Айқын-ақпарат
1439
КешYOU тобының құрамы тағы өзгеретін болды Танымал қазақстандық герлз-бендтердің бірі ­ КешYOU тобының құрамы тағы өзгеретін болды. Бұл туралы топ мүшесі Ақбота Сейітмағамбет айтты.

КешYOU-дің продюсері Баян Есентаева сан мәрте өзгерген топтың соңғы жаңа құрамын 2015 жылдың ақпан айында таныстырған болатын.

Асқар Ұзабаевтың «Гла­мур для дур» атты жаңа фильміне түскен Ақбота Сейітмағамбет «Га­кку» арнасына сұхбат беру барысында КешYOU­дің құрамынан шығуды жоспарлайтындығын айтты.

«Барлық қыздар КешYOU тобының мүшесі болғысы келеді. Мен де кеткім келмейді. Бірақ отбасылық жағдайыма байланысты кетуге мәжбүрмін», - деді ол.

19 жастағы Ақбота арм­аны ана атану екендіг­ін айтып өтті. «Алла қаласа, мен де ана боламын. Әйел бақытына жетуге тілекшілерім көп. Мен аяулы жар атануым керек», - дейді ­әнші.

А.Сейітмағамбет­ Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласыны­ тумасы.

Бүгінгі күні КешYOU тобының құрамында сондай-ақ, сыр елінің тумасы 20 жастағы Балжан­ Бидаш пен Алматы облысы Ұзынағаш қаласында дүниеге келген 20 жастағы Жұлдыз Өмірғали бар.

Баян Есентаеваның 2006 жылы негізі қаланған аталмыш жобасында әр жылдары Әнел Арынова, Зумрад Гараева, Мөлдір Әуелбекова, Наиля Зайытова, Кәмшат Жолдыбаева, Жанар Дұғалова және Айдана Меденовалар ән шырқады.

 

ҚазАқпарат