Негізгі бет  /  мақалалар  /  Алтынбекова спорттық киімдер желісін шығарды

Алтынбекова спорттық киімдер желісін шығарды

Айқын-ақпарат
1256
Алтынбекова спорттық киімдер желісін шығарды Қазақстандық волейболшы Сәбина Алтынбекова өзінің спорт киімдері желісін іске қосты.

Бұл жөнінде спортшы Instаgram-дағы жеке  парақшасында жазды. Сәбина Алтынбекова өзінің киімдер желісін Zibroo Sportswear брендімен бірлесіп әзірлеген. Киім логотипі Сәбинаның құрметіне -  S20 деп аталған.

Топтамаға спорттық киімдердің мынадай түрлері енді: жеңіл жейделер, свитшоттар, спорт костюмдері және т.б. 

Сүйкімді волейболшының киімдер дүкені Алматыда Сейфуллин даңғылы, 534 мекенжайы бойынша орналасқан. Ол 19 қарашада ашылады. Бұл күні 13.00-де Сәбина дүкенге келіп, жанкүйерлеріне қолтаңба таратады, сондай-ақ олармен суретке түсетін болады. 

Айта кетейік, Zibroo компаниясы Рио-де-Жанейрода Олимпиада ойындарына қатысқан Қазақстан құрамасы үшін костюмдер тіккен болатын.

 

ҚазАқпарат