Негізгі бет  /  мақалалар  /  Жанар Айжанова: Тұңғышбай ағадан ұялып жүрмін

Жанар Айжанова: Тұңғышбай ағадан ұялып жүрмін

Айқын-ақпарат
1957
Жанар Айжанова: Тұңғышбай ағадан ұялып жүрмін Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бюросы «Феникс» көркем фильмін түсіруге арналған бюджеттік қаражатты жымқырған факті бойынша танымал актер Тұңғышбай Жаманқұловты ұстаған болатын.

Аталған оқиғаға қатысты әнші Жанар Айжанова да өз пікірін білдірді.
- Байдың жорғасы көрінбесе де, кедейдің дорбасы көрініп қояды демекші, енді Тұңғышбай ағамыздың қалтасын санап жатырмыз ба? Ұят-ай! Қан мен терде Тәңіржан деп басымызға көтердік. Сол бала кезімізден көш басында келе жатқан, ел болып құрметтеген асылымызды бүгін мынадай дедік пе? Өз бетін аямаған кісі бетін шиедей қылады деген масқара.
Үйде отырып кешеден бері сізден ұялып отырмын, Тұңғышбай аға. Әділ шешім болып, сүттен ақ, судан таза болып шығуыңызға тілектеспін. Шыдамды болыңыз! Халқыңыз сізді қолдайды. Сізге деген қарындастық жылы көзқарасым ешқашан өзгермейді. Алдымызда жүрген біз үлгі тұтар тұлғасыз! дейді Жанар Айжанова.
Stan.kz