Негізгі бет  /  мақалалар  /  «Қызыл өрік» әнінің бейнебаяны шығады

«Қызыл өрік» әнінің бейнебаяны шығады

Айқын-ақпарат
1136
«Қызыл өрік» әнінің бейнебаяны шығады Ақылбек Жеменейдің "Қызыл өрік" әніне түсірілген бейнебаяны шығатын болды.

Исаак Реалдың продюсері Жәмиля Тұрғамбаеваның айтуынша, кубалық әнші Ақылбекке осы әнге бейнебаян түсіруді өзі ұсынған. 
- Оның қазақ халқының мәдениетіне көзқарасы жақсы. 4- 5 жылдан бері Алматыда тұрып жатқан Исаак қазақтарға осы әннің қатты ұнайтынын біледі. Ол да осы әнді сүйіп тыңдайтындықтан, осындай ұсыныс жасады, - деді әншінің продюсері.
- Бейнебаян латын-америкалық стильде түсірілген. Бейнебаянда екі әнші де би билейді, - деді Жәмиля Тұрғамбаева. 
Продюсердің айтуынша, бейнебаянды түсіру жұмыстары  бір тәуліктің ішінде-ақ түсірілген. Сонымен қатар, кубалық әншінің продюсері қазіргі уақытта оның қазақ тілін үйреніп жатқанын айтты.
Tengrinews.kz