Негізгі бет  /  мақалалар  /  Королеваға Киевке келуге тыйым салды

Королеваға Киевке келуге тыйым салды

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
1120
Королеваға Киевке келуге тыйым салды Ресми Киев Мәскеуге қарсы санкция құзырын одан ары кеңейтті.

Украина президенті Петр Порошенконың жарлығы  бойынша енді 2016 жылдың 31 қазанынын бастап, орыстың бірқатар компаниялары мен жекелеген әншілері Украинға келе алмайды. Нақты айтатын болсақ, 167 Ресей компаниясы мен орыстың 104 азаматы Украина аумағына ене алмайды.
«Қара тізімнің» қатарында Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев, вице-премьер Дмитрий Рогозин,  ЛДПР лидері Владимир Жириновский, Қара теңіз флотының барлық басшылары мен Қырымның жетекшісі Сергей Аксенов бар. Сонымен қатар, жаңа тізімде  Ресейдің «Ростех», «КамАЗ» және  «Ильюшин атындағы авиакешені» мен тағы басқа кәсіпорындар бар.
Осыдан біраз уақыт бұрын Украинаның Қауіпсіздік кеңесі Ресейдің 80 әртісін «қара тізімге « енгізіп, ел аумағына кіруге тыйым салғаны белгілі. Енді ол әншілердің қатарына Наташа Королева да қосылды.  Киев қаласында туылып, орыс тілінде Ресейде ән салып жүрген әнші 14 желтоқсанда Киевте  концерт өткізуге тиіс болған. Енді бұл мерекелік шараның өтпейтін түрі бар. Елдің Қауіпсіздік кеңесінің ұйғарымы бойынша  Наташа Королева Украинаға бес жылға дейін бара алмайды. Бұл шара «Украинаның қауіпсіздігін нығайту мақсатында» жасалынып отыр.