Негізгі бет  /  мақалалар  /  Зардап шеккендер саны 20-ға жетті

Зардап шеккендер саны 20-ға жетті

Айқын-ақпарат
1009
Зардап шеккендер саны 20-ға жетті Чикагода American Airlines әуе компаниясының Boeing 767-300 ұшағы бортында болған оқиға салдарынан зардап шеккендер саны 20-ға жетті.

«РИА Новости»-дің «Франс Пресс»-ке сілтеме жасап мәлімдеуінше, бұған дейін зардап шеккен 8 адам туралы хабарланды. «Ауыр емес жарақаттармен бірнеше ауруханаға 20 науқас жеткізілді», - деп атап өтті баспасөз мәслихатында Чикагоның өртке қарсы қызметінің өкілі Хуан Эрнаднес (Juan Hernandez). Оның айтуынша, зардап шеккендердің дені ұшақтан апаттық траппен түсу кезінде жарақаттанған.

Бұған дейін АҚШ Азаматтық авиация федералдық басқармасы ұшақ Чикаго әуежайынан Майамиге шинаның тесілуінен ұша алмай қалғанын хабарлаған болатын. Дегенмен, АҚШ телеарналары көрсетіп жатқан кадрлардан бортта өрттің болғаны анық көрінуде. Елдегі ең ірі әуежайлардың бірінің ұшып-қону алаңы жабық. Оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеуде.

American Airlines-тің хабарлауынша, ұшақ Чикаго әуежайынан техникалық ақаулар салдарынан ұшпай қалған. Аталмыш ұшақ соның алдында Лондоннан 3 сағатқа кешігіп келген. Ақпаратқа ие дереккөздің мәліметінше, апатқа «қозғалтқышта сирек кездесетін қатерлі ақау» себеп болған. «Қозғалтқышты бақылауға алу мүмкін болмайтын» мұндай жағдайда оның құрамдауыштары сыртқа шығып, лайнердің сыртқы бөліктерінің зақымдауына қауіп туғызады. 

Қазақпарат