Негізгі бет  /  мақалалар  /  Атыс қарыз салдарынан болған

Атыс қарыз салдарынан болған

Айқын-ақпарат
995
Атыс қарыз салдарынан болған Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері Шымкенттегі базарда болған атыстың себебін анықтады.

Полицейлер Шымкенттегі «Ақбар» базарында болған атыс ер адамдар арасында туған даудан кейін болғанын анықтады, деп хабарлады ОҚО ІІД баспасөз қызметінен.

null 

Белгілі болғандай, бутик иелерінің біріне бұрыңғы танысы көлікпен келіп, өрт дабылқаққышын орнатқаны үшін қарызын қайтаруды талап еткен.  Алайда ерлер арасында дау туындаған. Оның барысында «күтпеген қонақ» қару алып шығып, сырт жаққа екі рет оқ атқан. Кейін оқиға орнынан ізін суытыпты. Оның тұлғасы анықталды, қазір қолға түсіру бойынша шаралар жүргізіліп жатыр. Аталған факті бойынша «Бұзақылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.  Полицияда атыс салдарынан ешкім жапа шекпегенін айтты.  Ішкі істер органдарына ешкім шағымданбаған. 



null 

null 

Қазақпарат