Негізгі бет  /  мақалалар  /  "Төреғали мен Ерке Есмаханға енді дуэт айтқызбаймын"

"Төреғали мен Ерке Есмаханға енді дуэт айтқызбаймын"

Айқын-ақпарат
1334
"Төреғали мен Ерке Есмаханға енді дуэт айтқызбаймын" Төреғалидің әкесі Төреәлі Әлиханұлы енді «Алло» әнінің қос жұлдызына дуэт айтқызбаймын деп отыр. Бұл туралы Alashinform.kz хабар таратты.

«Біздің Төреғалимен Еркесіз-ақ дуэт айтуға құштар әншілер қатары өте көп. Қайта-қайта бірге ән жаздырып, ерлі-зайыпты сияқты бірге сахнада жүруі дұрыс емес. Оның үстіне, менен рұқсат сұрамай, оларға кім «ән айт» депті!», - деді Төреәлі Әлиханұлы.

Әкенің ашуын жақында БАҚ-қа жария еткен Ерке Есмаханның мәлімдемесі шақырса керек. Ол жақында Төреғалимен бірге бейнебаян түсіру де ойда бар екенін жария еткен болатын.

«Менің алдыма келіп ешкім ол нәрсені айтқан жоқ.Тіпті, Төреғалимен ол әнді айтайын, әрі қарай жалғастырайын, өйтейін, бүйтейін деп менің алдыма ешкім келген жоқ. Оны кейіннен білдім. Мен клип түсіруіне де келісімімді берген жоқпын. Сырттан «тон пішіп», елге бейнебаянымыз жарыққа шығуы мүмкін дейтін қақысы жоқ, менің алдымнан өтуі тиіс», - деді Төреғалидің әкесі әрі продюсері.

Alashinform.kz