Негізгі бет  /  мақалалар  /  Мектеп оқушысы асылып қалды

Мектеп оқушысы асылып қалды

Айқын-ақпарат
1016
Мектеп оқушысы асылып қалды Өзіне өзі қол жұмсаған қыз оныншы сыныпта оқыған, деп хабарлады "Мой ГОРОД" порталы.

Ол оқыған №39 орта мектеп өкілдері қыздың үлгілі отбасынан шыққанын, сабақты жақсы оқығанын айтуда.

- Оқиға үйде болған. Қазір ешнәрсе айта алмаймыз, бұл іспен құқық қорғау органдары айналысуда, - деді №39 орта мектеп директоры Елена Любченко.

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметі төтенше оқиғаның 20 қазан күні, шамамен түнгі 11-де болғанын хабарлады. Өзі тұратын үй ауласынан оқушының өлі денесі табылды. Ол асылып өлген.

«Алдын ала болжам бойынша, жігітімен араздасып қалғандықтан қыз өзіне-өзі қол салған», - деді прокуратура.

Аталған факт Орал қ. ІІБ сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді және ҚР ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Бұл жаңа оқу жылынан бергі екінші жасөспірім суициды. 23 қыркүйек күні Жаңақала ауданы Жаңажол ауылдық округінде 12 жастағы оқушы асылып өлген еді. 

Қазақпарат