Негізгі бет  /  мақалалар  /  Астанада үш автокөлік соқтығысып қалды

Астанада үш автокөлік соқтығысып қалды

Айқын-ақпарат
930
Астанада үш автокөлік соқтығысып қалды Астанадағы көктайғақ жаппай жол-көлік апатына әкеп соқты.

Сәрсенбі күні таңертең Тәуелсіздік даңылы бойында жол-көлік апаты орын алды. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, көктайғақтан және қашықтықты сақтамаудан Mitsubishi Pajero, микроавтобус және Hyundai Accent көліктері соқтығысты.

Апаттан ешкім зардап шеккен жоқ. Оқиға орнында жол-көлік апатының себепкерін анықтау үшін полиция жұмыс істеп жатыр.  

Қазақпарат