Негізгі бет  /  мақалалар  /  Оныншы қабаттан секіріп кетті

Оныншы қабаттан секіріп кетті

Айқын-ақпарат
1082
Оныншы қабаттан секіріп кетті 24 қазан күні Ақтөбе қаласы 12 мөлтек ауданындағы элиталы үйлердің бірінде қайғылы оқиға тіркелді. 10 қабатты арнайы күзетшісі бар тұрғын үйден үстінде сырт киімі бар кішкентай қыз бала секіріп кеткен.

Биіктіктен қыздың қалай құлағанын көргендер бар. Көмек көрсетуге кеш болған.
- 12 мөлтек аудандағы көп қабатты үйдің бірінен кішкентай қыз құлады. 12 жастағы қыздың жағдайы ауыр болды. Темір жол ауруханасына апардық,- дейді жедел жәрдем бекеті бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Дастан Неталиева.
Оқиға болған жерді құммен жауып тастаған. Баланың бұл әрекетке бару себебі белгісіз.
NUR.KZ