Негізгі бет  /  мақалалар  /  Бір топ қыз букмекерлік кеңсені тонап кетті

Бір топ қыз букмекерлік кеңсені тонап кетті

Айқын-ақпарат
1008
Бір топ қыз букмекерлік кеңсені тонап кетті Оңтүстік Қазақстан облысында пышақпен қаруланған бір топ қыз букмекерлік кеңсені тонап кетті. Оқиға Отырар ауданының орталығы Шәуілдір ауылында болған, деп хабарлайды КТК.

Кеңсе ішінде болған қылмыс бейнебақылау камерасына түсіп қалды. Түн ортасында күзеті жоқ кабинетке бетін тұмшалаған 4 қыз кіріп келгенде, жұмыс орнында екі бойжеткен болған. Оларға пышақ кезеп, кассадағы бар 350 мың теңгені алып, тайып тұрыпты.

Көп ұзамай жеткен полицейлер қарақшы қыздарды ұстады. Олар осы ауданның 18 бен 29 жас аралығындағы тұрғындары екен. Қыздардан құралған банда енді қамауда отыр.

baq.kz

 

 

 

 

Ескерту!

Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.