Негізгі бет  /  мақалалар  /  Алматыда банкке шабуыл жасалды

Алматыда банкке шабуыл жасалды

Айқын-ақпарат
996
Алматыда банкке шабуыл жасалды Алматыда банктердің біріне шабуыл жасалды. Бұл туралы Алмаьы і қалалық Іішкі істер департаментінің өкілі Салтанат Әзірбек хабарлады.

- Бүгін 2016 жылдың 25 қазанында сағат таңғы 8.10-да Алматы қалалық ІІД Жедел әрекет ету орталығына "Центркредит" банкінің бөлімшесінің күзетшісіне шабуыл жасалды деген хабар келіп түсті, Алматының Алмалы ауданында, мұның салдарынан белгісіз екі адам оның қаруын тартып алған, - делінген хабарламада.  
Тәртіп сақшыларының айтуынша, қазіргі уақытта қалада "Дабыл" ұстау жоспары жарияланған. Қылмыскерлерді іздестіруге және ұстауға бағытталған шаралар кешені өткізіліп жатыр.