Негізгі бет  /  мақалалар  /  Туған күніне планшет сыйлауды сұраған

Туған күніне планшет сыйлауды сұраған

Айқын-ақпарат
908
Туған күніне планшет сыйлауды сұраған Өскемендік мұғалім оқушыларының ата-аналарына жаңа гаджетке ақша жинау туралы ұсыныс жасаған, деп хабарладыМемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті.

Бұл туралы ҚазАқпарат ustinka.kz сайтына сілтемемен хабарлайды. 
Мұндай сорақы қылық туралы облыстық мектептер мен балабақшалардағы сыбайлас жемқорлықпен күреске арналған семинар-жиналыста департамент басшысы Тоқтамыс Жұмағұлов хабарлады.

- Әрине, әр ата-ананың өмір сүру деңгейі әр түрлі, - деді шенеунік. - Кейбір ата-ана үшін мұндай сыйлыққа ақша жинау түк емес, ал кейбір ата-ана наразылықтарын білдірді. Сыйлық үшін түрлі дау-дамай орын алды, мұны жасырып қалу өте қиын. Т.Жұмағұлов мұғалімнің бұл қылығына жол берілмейтінін айтты.

Ол мектеп директорларын өз қызметкерлерімен сөйлесуге, облыс мектептеріндегі алым-салықты тоқтатуға шақырды. 

Қазақпарат