Негізгі бет  /  мақалалар  /  13 адам қаза тапты

13 адам қаза тапты

Айқын-ақпарат
1049
13 адам қаза тапты Калифорнияның оңтүстігінде туристік автобус пен жүк көлігі соқтығысып, 13 адам мерт болды. Шамамен 30 адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Олардың бесеуі ауыр халде жатыр, деп хабарлайды Би-би-си

Фотосуреттен жүк көлігінің артқы бөлігіне автобустың соғылғанын көруге болады.

Апат жексенбі күні таңғы уақытта Палм-Спрингс курортты қаласының маңындағы тас жолда болған.

Автобус Лос-Анджелеске бет алған. Әзірге апаттың неден туындағаны белгісіз.

Апаттан алдыңғы бөлігінің сау тамтығы қалмаған автобусқа кіру үшін құтқарушыларға сатыны пайдалануға тура келді.

Desert Sun газетінің хабарлауынша, туристік автобус Солтон қаласы маңындағы Red Earth ойынханасынан келе жатқан.



Қазақпарат