Негізгі бет  /  мақалалар  /  Безруков суреті 305 000 теңгеге сатылды

Безруков суреті 305 000 теңгеге сатылды

Айқын-ақпарат
1246
Безруков суреті 305 000 теңгеге сатылды Ресейдің танымал кино және театр әртісі, Губерн театрының көркемдік жетекшісі Сергей Безруковтың қолтаңбасы қойылған сурет 305000 теңге сатылды.

«Аукцион жабық! Қатысқандарыңыз үшін барлықтарыңызға ризашылық білдіреміз. Алтын қолтаңба қойылған суретті 305000 теңге ставка қойған Aiman Andaspayeva алатын болды. Айман сізге көп рахмет», - деп жазды Фейсбуктегі парақшасына аукционды өткізуге мұрындық болған Анна Токишева.

Айта кетейік, бұған дейін ҚазАқпарат Youtube сайтында Ресейдің танымал кино және театр әртісі, Губерн театрының көркемдік жетекшісі Сергей Безруковтың 40 секундық видеосы пайда болғанын, онда әртіс Әдемі есімді қазақ бүлдіршінін ауыр сырқаттан құтқаруға әрекеттенген жазған болатын.

Сергей Безруковтың қолтаңбасы қойылған портреттің бастапқы құны 35 000 теңге, аукциондағы бір қадам 1000 теңге болды.

 

ҚазАқпарат