Негізгі бет  /  мақалалар  /  «Ninety One» тобына қызылордалықтар қарсы шықты

«Ninety One» тобына қызылордалықтар қарсы шықты

Айқын-ақпарат
1542
«Ninety One»  тобына қызылордалықтар қарсы шықты Қызылорда қаласындағы « Nomad Palace» қонақ үйіндегі кассаның алды таңертеңнен бері бос болмай тұр.

Мұнда керісінше, адамдар алған билеттерін  кері қайтару үшін кезекте тұр. Себебі, «шашын бояған, сырға таққан сылқым жігіттер» Қызылордаға  келгенімен,  бүкіл халық қарсы шығып, ұялы  телефондар мен əлеуметтік  желілерге тыным болмады. Осы концертті қолдаушылардың  бірі   «Социум Қызылорда» қоғамдық қорының басшысы Ерлан Мұсаев еді. Билеттер мектеп жасындағы 12-15 жас аралығындағы жасөспірім қыздар мен жігіттерге сатылған. Алайда, қызылордалықтар,  əсіресе     «Орда» тобының әншісі, продюссер Ерболат Беделханның бастауымен құрылған  топтың мүлдем  ұнамайтынын айтуда. Журналистер қауымына, ішкі  саясат бөліміне концертті болдырмау үшін хабарласпаған адам қалмады. 
«Ninety  one» Қызылордаға  келуіне облыстағы Ардагерлер  кеңесінің төрағасы Сейілбек Шаухамановтың баласы  Шаухаманов Нұрлан мен жұбайы Алтын ұйытқы болды. Бірақ олардың   12-15 жас аралығындағы  жасөспірімдерге билет сатып, ұйымдастырғанын қалай түсінуге болады?  Облыстың ардагерлер кеңесі төрағасы баласының әкімшілікпен, жұртшылықпен ақылдаспай істеген бұл ісін әрине дұрыс дей алмаймыз.  Əлде, ақша  табудың  жолы осылай ма екен? 
Ninety One»  тобына Шымкент қаласы мен Ақтөбе облысының халқы қарсы шығып, концерттің өтпей қалғаны мәлім.  
Қазір  облыс көлемінде концертке сатып алынған  билеттер қайтарылып жатыр.  Ұлтқа тән емес нәрселерді істеп, шаш бояп, сырға тағып жүрген еркек -әншілерге Қызылорда халқы осылай қарсы шықты.  

 

Миуа Байназарова