Негізгі бет  /  мақалалар  /  «Ninety One» тобы түрлі-түсті түрін өзгертті

«Ninety One» тобы түрлі-түсті түрін өзгертті

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
1396
«Ninety One»  тобы түрлі-түсті түрін өзгертті Олар осы уақытқа дейін шаштарын түрлі-түсті етіп бояп, көпшіліктің қатаң сынына ұшырағаны белгілі.

Тіпті олардың сыртқы келбеті, шаш үлгісі мен сырға тағатынына қарсы  белгілі жұлдыздар сын айтты. Мүмкін сыннан қорытынды шығарды ма, кім білсін, «Ninety One»  тобьының жігіттері шаштарын қара түске қайтадан бояғанын мәлім етті. Бұл туралы олар өздерінің фейсбуктегі парақшасында бөлісті. Шашы басқа рең беретінтоп мүшесі  Әлем енді   ел алдына қара шашпен шығуы да мүмкін. Ал Zag болса, шашын мүлдем алып тастаған көрінеді. Қазір «Ninety One»  тобының аяқ астынан өзгерген имиджіне көпшілік қауым қатты таңданып жатыр, әсіресе мұны жастар жағы түсінбеген күйде отыр. Бәлкім, топ мүшелері танымал әнші ағаларының сынынан қорытынды шығарған шығар. Бірақ көзқарас  әзірге екіге жарылып тұр. Бірі жақтаса, екіншілері «жігіттердің бұрынғы  сыртқы имиджі тартым көрінетін» деген пікірлер айтуда. 

«Әлемнің сәнді шаш үлгісін қайтарыңдар», «Неге қара бояп тастадың?», «Zag шашын алды, не өзгерді?  Соны түсінбедім, бәрібір жақсы көрем».  Бұл  топтың бұрыңғы келбетін ұнататындардың тұжырымы.

«Жігіттер, енді дұрыс болды", «Осы түрлерің жақсы, боянбасаңдар да, әдемісіңдер», «Қара шашпен де әлемді мойындата аласыздар!  Тек Алға!", «Өлендеріңіз күшті!! Әрдайым бірінші болыңыздар», Бұл екінші топтағылардың көзқарасы.

Әрине, біз ешкімді жақтай алмаймыз. Бірақ ұлттың ұлының қашан да жаны қазақ болып қалғаны жақсы ғой.