Негізгі бет  /  мақалалар  /  Мадина 100 мың долларға концерт өткізеді

Мадина 100 мың долларға концерт өткізеді

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
1716
Мадина 100 мың долларға концерт өткізеді Қазақ эстрадасының жұлдызы Мәдина Сәдуақасова тұңғыш рет шығармашылық концертін өткізбек.

Қазіргі таңда әнші аталған шараға қызу дайындық үстінде. Сахнаға үнемі өзіндік сәнімен және бөлек стилімен шығатын әнші шара барысында көрерменді сапалы әндірімен таңқалдырмақ. 
Сахнада жүргеніне 20 жыл толуына орай өткізілетін концертке Мәдина 100 мың долларға жуық қаражат жұмсайтынан айтты. Бұл туралы Мәдина Сәдуақасова отандық арналардың біріне берген сұхбатында хабардар етті.
Сондай-ақ, әнші тұңғыш концертін өткізер алдында қобалжып жүргенін де жасыра алған жоқ. Енді ше, әр нәрсеге талғаммен қарайтын жұлдыз бұл концертте де жұлдызы жанатынына бек кәміл сенеміз. Өнерде жүргеніне 20 жыл толған әнші шараның атын «Жұлдызым» деп қойған. Мұның себебі неде?
- Расында концерт "Жұлдызым" деген атпен өтеді. Мені халыққа танытқан ең алғашқы әнімде "Жұлдызды түнде шаттанамын" деген жолдар бар. Жақында тағы бір "Жұлдызым" деген әнім жарық көрді. Сол себепті, концертімді осылай атағанды жөн көрдім, - дейді Мәдина Сәдуақасова.
Мәдина Сәдуақасованың концерті 20 қазан күні Алматыдағы Республика сарайында өтеді. "Жұлдызым" деп аталатын шоу-концерттің басталуы сағат - 19:30.