Негізгі бет  /  мақалалар  /  Ересектерге арналған балабақша ашылды

Ересектерге арналған балабақша ашылды

Айқын-ақпарат
1311
Ересектерге арналған балабақша ашылды Ресейлік бағдарламашы Евгений Пятковский ересектерге арналған балабақша ашқан. Бұл туралы lenta.ru хабарлайды.

«Менің қызым балабақшаға қуана-қуана барады. Достарымызбен ой бөлісіп отырған кезде ересектерге арналған осындай мекеме ашу туралы идея келді», – дейді автордың өзі.

Ол осындай ересектерге арналған мекемені Мәскеу мен Санкт-Петербургте ашып, шаруасын дөңгелетуді ойлап отыр. Үлкендер балабақшасының кәдімгідей өзіндік асханасы мен түрлі үйірмелері де бар.

Бір тәулікке бес мың теңге мөлшерінде ақы төленіп, әр топқа он адамнан бөлінеді екен. Онда баруға 28-40 аралығындағы ерлер мен 23-30 жас аралығындағы қыз-келіншектер қызығушылық танытып отырған көрінеді.

 

stan.kz