Негізгі бет  /  мақалалар  /  Рио Олимпиадасының төрешілері шеттетілді

Рио Олимпиадасының төрешілері шеттетілді

Айқын-ақпарат
1064
Рио Олимпиадасының төрешілері шеттетілді Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы Рио-де-Жанейро Олимпиадасына қатысқан барлық 36 судьяны жарыстарға төрелік жасаудан уақытша шеттеті.

Мұндай ақпарат АИБА-ның ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Таратылған ақпаратқа қарағанда, 3-5 қазан күндері Швейцарияның Лозанна қаласында Ұйым басшылығының кездесуі өткен. «Тексеру аяқталғанға дейін Ұйым қамқорлығымен өтетін бүкіл турнирден барлық 36 судьяны уақытша шеттету туралы шешім қабылданды», - делінген АИБА хабарламасында.

Сонымен, уақытша төрелік жасаудан шететілген төрешілер арасында қазақстандық Рахымжан Рысбаевтың бар екендігін айта кетейік. Мұнан бөлек, бұл қатарда қазақстандық жанкүйерлердің есінде Рио Олимпиадасы кезіндегі жекпе-жектерге әділ төрелік жасай алмауымен қалған алжирлік Хейра Сиди Якубта бар.  Дәл осы төреші 91 келіге дейінгі салмақ санатындағы боксшылардың финалдық кездесуіне қызмет көрсетіп, айқын басымдықпен жеңіп тұрған Қазақстан боксшысы Василий Левитті ресейлік Евгений Тищенкоға жығып берген еді.