Негізгі бет  /  мақалалар  /  Ким Кардашьянды тонап кетті

Ким Кардашьянды тонап кетті

Айқын-ақпарат
1106
Ким Кардашьянды тонап кетті Бетперде киген екі қарулы қарақшы американың тележұлдызы және фотомодель Ким Кардашьянның қонақ үйіндегі бөлмесіне басып кірген деп хабарлайды Baq.kz СNN-ге сілтеме жасап.

Оқиға дүйсенбеге қараған түні жергілікті уақытпен 3.00-де (Астана уақытымен 8.00) болған. Ким Кардашьянның өкілі хабарлағандай қарақшылар Кимді бірнеше сағат ұстап отырған. Кимнің денсаулығына нұсқан келмеген, бірақ ол қатты қорқып қалған деп хабарлайды басылым.
«Reuters» ақпарат агенттігі хабарлағандай тележұлдыздың бірнеше миллион долларға бағаланатын асыл бұйымдары қолды болған. Бұл оқиға кезінде Кимнің жұбайы рэпер Канье Уэст Нью-Йорктегі Meadows фестивалінде өнер көрсетіп жатқан. Хабарды естіген мезетте ол отбасылық жағдайға байланысты концертті тоқтататынын мәлімдеген.

Жібек МҰҚАШЕВА

Baq.kz