Негізгі бет  /  мақалалар  /  Әншілер салық төлей бастады

Әншілер салық төлей бастады

Айқын-ақпарат
1252
Әншілер салық төлей бастады Алматы қалалық мемлекеттік кіріс департаментінің өкілдері жүргізілген түсіндіру жұмыстарынан соң әншілер салық төлей бастады.
  • -Шоу-бизнес өкілдерімен түсіндіру жұмыстарынан кейін  Айбек Жансеитов (әнші Бүркіт), Дильназ Ахмадиева мен Әли  Окапов жеке кәсіпкер ретінде тіркелді. Салық кезеңінің аяқталмауына байланысты бұл азаматтардың салық төлеуі жайлы ақпарат әзірше жоқ, - деп хабарлады Алматы қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Алматы қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, 2016 жылы бірнеше ай ішінде Бахтияр Мамедов (Jah Khalib)  921 423 теңге, Даут Шайхисламов  749 427 теңге көлемінде салық төлесе, Айқын Төлепберген  407 950 теңге төлеген.