Негізгі бет  /  мақалалар  /  Есентаевның өзі сын естіді

Есентаевның өзі сын естіді

Айқын-ақпарат
1200
Есентаевның өзі сын естіді Белгілі продюсер Баян Есентаева әлеуметтік желі қолданушылардан сын естіді.

Нақты айтар болсақ,  "Қазақстан аруы" ("Мисс Қазақстан") байқауының ұйымдастырушыларына сын айтамын деп, Есентаева желі қолданушылардың намысына тиді деп хабарлайды NUR.KZ.
Бірнеше жылдан бері "Қазақ аруы" байқауын ұйымдастырып жүрген Баян "Қазақстан аруы"("Мисс Қазақстан") байқауынан ілік тапты. Оның айтуынша, аталған байқауда оның идеясы қайталанған. Яғни, ол байқау ұйымдастырушылары қыздарға ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар туралы сұрақтар қойып, Ол "Қазақ аруы" байқауының шартына қол сұққан деген пікірде.
"Қазақстан аруының" өңірлік байқауларында мұндай сұрақтар қойылғаны есімде жоқ. Бұл біздің "Қазақ аруы" байқауымыздың негізгі шарты болып келген. Мен "Шымкент аруы" байқауын ұйымдастырушылар мен жеңімпаздарын құттықтаймын! Бірақ, екі түрлі байқауды мазмұны мен идеологиясы бойынша араластырудың қажеті жоқ деп санаймын, - деп жазды продюсер Есентаева өзінің Instagram желісіндегі парақшасына.
Оның бұл жазбасын оқыған желі қолданушылар Есентаеваның бұл пікіріне қарсылығын білдірді.
"Мұндай байқауда салт-дәстүрлер туралы сұрақ қойылуы заңды. Бұл қыз Қазақстанның намысын қорғайтын болады. Сол үшін ол дәстүрді білуі керек", "Баян, сенімен келіспеймін, бұрыннан көп байқауларда қазақтың əдеп-ғұрпынан, тұрмыс-салтынан сұрақтар беріледі", "Қыз сыны" байқауынан, 1991 жылдан бері оларға осындай сауалдар қойылады", - деп жазды олар.