АСЫҒЫҢ АЛШЫСЫНАН ТҮССІН!..
Алматы облысы Кербұлақ ауданындағы Басши ауылында мектеп оқушылары арасында ұлттық ойын – асық атудан өткен сайыс осылай аталды. Осымен төртінші рет ұйымдастырылған «Асығың алшысынан түссін!..» ойынына Кербұлақ ауданындағы Райымбек батыр атындағы орта мектептің, Нұрым және Аралтөбе орта мектептерінің оқушылары қатысып, мергендік, дәлдік пен шеберлік бойынша өзара күш сынасты. Ұлттық асық ату ойынын ұйымдастырған Алматыдағы «Гүлстан» журналының ұжымы. Маңызы зор жарысты ұйымдастыруға мұрындық болған «Гүлстан» журналының бас редакторы Гөзел Құлжабаева: – Асық ату сайысын алыстағы ауыл балалары арасында ұйымдастыруымыздың басты себебі жас жеткіншектерді ең алдымен, күні бойы компьютерде отырудан құтқару. Өйткені компьютердің жақсы да, жаман да жақтары бар. Мысалы, компьютер арқылы сан түрлі сайқал сайттарға кірген оқушы әп-сәтте әлгі сайттың арбауына түсіп, интернетке байланып қалатыны ақиқат.
Әлеумет
Шәкірттерімен мақтанған ұстаз
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған аулы Қарасаздағы Асан Барманбекұлы атындағы орта мектеп-гимназиясында тәжірибелі де білікті ұстаздар аз емес.
Әлеумет
МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ МӘРТЕБЕЛІ МҰРАТЫ
Қай кезде болсын елді де, сол елдің жүгін көтерген ерді де ілгері жетелеп, болашақ белестерге бастайтын үкілі үміт қой.
Әлеумет
Ғибраты мол ғалым
Өмірдің 75 деген белесіне шаршамай аяғын нық басып, кеудесін тік ұстап шыққан Қазақ қыздар педагогикалық университетінің ұлағатты ұстазы, сегіз қырлы, бір сырлы азаматтың бірі – жаратылыстанушы, профессор Рысбай Сәтімбекұлы.
Әлеумет
Азық-түлік бағасы неге ауытқиды?
Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің хабарлауынша, 2015 жылғы 12 мамыр мен 19 мамыр аралығында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өзгеруі байқалды. Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға индексі 99,6 пайыз болса, ай басынан бері – 100,2 пайыз, ал жыл басынан бері – 101,2 пайызды құраған.
Әлеумет
Баспаналы болу – аяққа тұрудың алғышарты
Астана қаласында осы жылдың қаңтар – сәуір айларында 5413 пәтер тұрғызылып, халықтың игілігіне ұсынылған. Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы аумағы 593965 шаршы метр.
Әлеумет
Біртұтас ұлттың ядросы қандай болуы керек?
Қазақстан Президенті Н.Назарбаев өзінің көпшілікке мәлім «Тарих толқынында» атты кітабында: «...Біз, қазақстандықтар, бір экономикалық немесе саяси кеңістікте ғана емес, бір мәдени кеңістікте де өмір сүріп жатырмыз деген ақиқатты сезіну бірте-бірте орнығады» деген еді. Яғни қазақстандықтар белгілі бір географиялық аймақты мекендейтін жай тұрғындар ғана емес, өздерін осы елдің болашақ тағдырымен тікелей байланыстыратын тең құқықты азаматтары екендігін терең түсінуі қажет. Азаматтардың елдің табысы оның өзінің де табысы екенін сезінуі де аса маңызды. Бұған қалай қол жеткіземіз? Қоғамды топтастыратын идея қандай болуы керек? Отансүйгіштіктің психологиялық негізін қалыптасыру үшін қандай шаралар жүргізу керек? Бұлар өте күрделі мәселелер боп саналады.
Әлеумет
Билборд туралы сөз бекер емес
Қазақстандық жастың патриоттық сезімін қалай ояту керек? Оны мектеп кезінен бастау қажет пе, жоқ әлде отбасындағы тәрбиеге назар аударған дұрыс па?? Меніңше, қазіргі жаһандану дәуірінде өркениетке шын мәнінде ілесе білу қажет, бірақ оған қалай қарсы тұра білгеніміз жөн?
Әлеумет
Сарыағашта сандалып жүргендер кім?
Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарты ұйымына мүше-мемлекеттердің заңсыз көші-қонға, адам саудасына қарсы тұру туралы шешіміне сәйкес осы жылдың 18-23 мамыр аралығында елімізде «Нелегал-2015» жедел-сауықтыру іс-шаралары өткізілді.
Әлеумет
Өзіңе-өзің қызмет ет
Халыққа қызмет көрсету орталықтарында өзіне-өзі қызмет көрсету – Connection Point секторы 2013 жылдың 13 шілдесінен бастап Қазақстанның барлық бөлімдерінде қызмет көрсетуде.
Әлеумет