Негізгі бет  /  Жаңалықтар  /  Студенттік ойындар - бұл ерекше орта

Студенттік ойындар - бұл ерекше орта

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ
609
Студенттік ойындар -  бұл ерекше орта Белгілі қазақстандық зілтемірші, Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Карина Горичева өзінің туған қаласы Талдықорғанда өтетін Универсиада-2017 алау эстафетасына қатысады.

Горичева Универсиада жарыстарымен етене таныс спортшы: ол 2013 жылы Казаньде өткен Жазғы универсиадаға қатысып, күміс жүлдегер атанған-тын. almaty2017.com сайтына берген сұхбатында Карина Алматыдағы Қысқы универсиадаға қатысты үміттерімен бөлісті.

«Алау эстафетасына қатысатыныма аса қуаныштымын, мен үшін бұл үлкен жауапкершілік. Универсиада кезінде спортшыларымыздан тек жеңістерді күтемін, олардың әрқайсысы үшін алаңдап, қолдаушылар қатарынан табыламын», - деді Горичева.

Осы тұста Карина студенттік ойындарөзіне ғана тән ерекше ортада өткенін атап өтті. «Казаньде жылы шырайлы орта болды. Әрине, ол басқа жарыстардан осынысымен ерекшеленеді. Жарыстар бүге-шегесіне дейін бәрі ойластырылып, жақсы ұйымдастырылды. Мен зілтеміршілердің ғана емес, сондай-ақ, бокс, дзюдо секілді басқа да жарыстарды көре алдым», - дейді Карина.

Естеріңізге салып өтсек, Универсиада алау эстафетасы Қазақстанның 15 қаласында өтіп, 29 қаңтарда Алматыда жарыстардың ашылу салтанатында аяқталады. Алау эстафетасына әрбір өңірден белгілі спортшылар, өнер қайраткерлері мен студенттері қатысады.