Негізгі бет  /  Жаңалықтар  /  Елбасы Бішкектегі ұшақ апатына байланысты көңіл айтты

Елбасы Бішкектегі ұшақ апатына байланысты көңіл айтты

Айқын-ақпарат
474
Елбасы Бішкектегі ұшақ апатына байланысты көңіл айтты  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевқа көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Қазақстан Президенті Бішкек түбінде болған ұшақ апаты туралы және оқиға салдарынан көптеген адамдардың қаза болғаны жайлы хабарды қайғыра қабылдады» делінген хабарламада. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының атынан және жеке өз атынан қаза тапқандардың жақындары мен туған-туыстарына, сондай-ақ қырғыз еліне көңіл айтты.

 inform.kz