Негізгі бет  /  Жаңалықтар  /  Жеке кәсіпкер ретінде тіркелу тәртібі оңайлатылды

Жеке кәсіпкер ретінде тіркелу тәртібі оңайлатылды

Айқын-ақпарат
389
Жеке кәсіпкер ретінде тіркелу тәртібі оңайлатылды Жеке кәсіпкерлік рәсімдеу ережесі өзгерді. 2017 жылдың қаңтарынан бастап жеке кәсіпкерлікті тіркеу үшін өтініш беру шарт емес, ескерту жасаса болғаны.

Демек, енді азаматтар жеке кәсіпкерлік ашу үшін салық органына өтініш берудің орнына бар болғаны кәсіпкерлікпен айналысатыны туралы ескерте салады.

Алматы мемлекеттік кіріс департаментінің хабарлауынша, енді азаматтар кәсіпкерлікпен айналысатыны туралы ескерту жіберген сәттен бастап кәсіпкер ретінде санала береді.

Егер жеке кәсіпкерлікті бірнеше адам бірігіп ашса, онда құзіретті адам барлық мүше атынан сенімхат тапсыруы тиіс.

Ескертуді екі жолмен жіберуге болады: электронды – ҚР электронды лицензиялау порталы арқылы немесе мемлекеттік кіріс мекемелеріне барып құжатты қағаз күйінде алып баруға болады. Екі жағдай да жеке кәсіпкерлікті тіркеу уақыты бір күн.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, ескерту жіберілгеннен кейін азаматқа кәсіпкер болғаны туралы ешқандай да құжат берілмейді және алым алынбайды.

 

Baq.kz