Шатқалды шаттық кернеп... (фото)

Оны Кімасар тау сілемі қоршап жатыр. Оңтүстік-батысы Құмбелмен, оңтүстігі Медеу спорт кешенімен шектеседі.
Шатқал демалыс күндері отбасылық демалу мекеніне айналады.
Медеу шатқалы арқылы Мыңжылқы қонысына баратын автомобиль жолы өтеді. Орманды-дала және таулы-орманды географиялық жағдайына байланысты мұнда ерекше таулы климат қалыптасқан.
Шатқал ішінде тамаша мейрамханалар орналасқан.
Ауаның жылдық орташа мөлшері қаңтарда — 4,3 °С, шілдеде 18,1°С. 1400 метрден жоғарыға қарай әр 100 м сайын ауаның жылдық орташа температурасы 0,66 °С-қа төмендеп отырады.
Медеу -Шымбұлақ бағытындағы жолдар қардан тазаланып жатыр. Ал бұл аумақ енді универсиаданың жауапты сәттерін күтіп алады.
Шатқалдың қақ ортасын Кіші Алматы өзені жарып өтеді.
Суының мөлдірін-ай...
Фото: Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ