Алты миллиардтың орнына «алтын миллиард»

«Жер бетіндегі адам санын 1 млрд 400 миллионнан асырмау керек» деген Мальтустың пікірін ұстанушы теоретиктер және осы пікірді жақтаушылар адам баласының соғыстан, аштықтан және жұқпалы аурудан қырылып отыруын қажетті механизм ретінде қарастырады. Олардың пікірінше, жер бетіндегі адамзаттың саны саналы түрде қолдан реттеліп отырылуы тиіс. Әлемдік жаңа тәртіп – бірыңғай әлемдік үкімет саясатының тіпті биылдың өзіне арналған осындай жоспарлары бар екен.
Адам санын түрлі аурулар мен соғыстар арқылы азайту туралы мұндай ұсыныс білдіру қорқынышты һәм үрейлі.Бұл концепцияны ізгі жүректі адамдардың мақұлдауы мүмкін емес. Гандидің: «Жер шарының байлығы бүкіл адамзатқа жеткенмен, тоғышарларға жетпейді» деген ойлы сөзі бар. Бүгінгі рухани тығырыққа тірелген адамзат осындай тойғанын білмейтін тойымсыздардың құрбаны деуге болады. Алла Тағаланың жер бетіндегі пенделерінің бәріне жеткілікті ризық-несібесін бергеніне, мұхиттар мен теңіздердегі балықтарды мысалға келтіруге болады. Күн сайын жер бетінде миллиондаған тонна балық ауланса да, балық санының бір келіге де азаймауы осыған нақты дәлел. Егер әлемде бейбітшілік сақталып, әділеттілік орнаса, адамдар мен мемлекеттер арасындағы бір-біріне деген өшпенділік жойылса, жер шарының байлығы адамдардың барлығын асырауға жетіп артылады. Әрине, адамзат бір жағынан бойдағы тоғышарлықты да барынша тізгіндей білуі керек, ол үлкен күшті қажет етеді.
Бүгінде біз мекендеген планетадағы адам саны 7,5 миллиардтан асып түседі. 2050 жылға қарай жер тұрғындарының саны 9,2 миллиардқа жететін көрінеді. Ал БҰҰ-ның есебінше, 2150 жылы жоқ дегенде бұл сан кем дегенде 12 миллиардқа жуықтайды. «Жер биосферасы осынша көп адамды асырай алмайды» деген Батыс саясаткерлері мен ғалымдары «осы ғасырдың аяғында жер бетіндегі адам саны 2 миллиардқа түсуі тиіс» деген қорытынды жасаған. Сонда қалған 5,5 миллиард адамды қайда жібермек?
«300-дің комитеті. Әлемдік үкіметтің құпиялары» деген кітабында ағылшын барлаушысы Джон Колеман былай дейді: «2050 жылға қарай 4 миллиардтан астам «жатыпішер арамтамақ» сұрапыл соғыс мен қолдан таратылатын неше бәлекет жұқпалы аурулардан, жедел ажал құштыратын қауіпті кеселдерден, қолдан жасалатын ашаршылықтан жойылып бітуі шарт. Сайып келгенде жербетінде бір миллиардтай адам ғана өмір сүруге құқылы. Оның да тең жартысы жапондықтар мен қытайлықтар болуы керек. Себебі, олар ғасырлар бойы билікке шексіз бағынып үйренген халықтар. Яғни, қалған жарты миллиард жоғары нәсілділерге құлдық қызмет көрсететін болады».
Жер бетіндегі халықты қалайда азайтып, бір миллиард адамды қалдыру мәселесі Ұлыбританияның марқұм премьер-министрі Маргарет Тетчердің де аузынан шыққан. Сол кезде «темір ханшайым» «Ресейде 15 (он бес) миллион адам ғана өмір сүрсе жетеді, оның 2 миллионын темір жол салуға, қалғандарын химиялық және металлургиялық өндіріс сияқты лас жұмыстарға пайдалану керек» депті.
Осылайша, оқымыстылар «Жер – Ана мұнша адамды асырай алмайды» деп дабыл қағуда. Бұған сылтау ретінде жер бетінде күрделі климаттық өзгерістер жүріп, ауа мен су әбден ластанып, уланып біткенін, жерасты байлықтары түгесіліп бара жатқанын алға тартады. Сондықтан адамзат өркениеті үлкен құрбандықсыз құтқарылмайды-мыс. Не керек, адамзатты алты есеге азайту амалдарының бірқатары мынадай:
«Үлкен жаһандық соғыс»
ХХ ғасырдағы Бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстың кесірінен әлемде 250 млн адам көз жұмыпты. Қарапайым есепке салсақ, сонда орта есеппен 40 жыл ішінде күн сайын 12 мың адам өлген болып шығады. Осыншама құрбандық «жаңа әлемдік тәртіп» орнатудың нәтижесі. Сенбейсіз бе? Соңғы екі дүниежүзілік соғыстың болатынын әлемдік масондық ұйымның жетекшісі болған генерал Альберт Пайк алдын ала айтқан екен. Енді оның мұрагерлері Үшінші дүниежүзілік соғыс өртін шығарғысы келеді. Бірақ ондай әлемдік үлкен соғыс бола қалса, оның арты термоядролық апокалипсиске ұласып кетуі мүмкін. Сондықтан бұл жоба «құпия қожайындарға» ұнамайды. Үлкен соғыс болмаған жағдайда есірткі, қару-жарақ, алтын, алмаз сату, мұнайға, ақша мен БАҚ-қа үстемдік құру, мәдени азғыру деген секілді «кіші соғыстар» да бар. 1700 жылдан бастап Англияның лордтары «демократия» деген сылтаумен әлем елдерінің ұлттық байлықтарын суша сорып келе жатыр. Қазір болып жатқан Араб елдеріндегі соғыстар да англ-саксондық аристократтардың әлемді үлкен масштабтағы қайта бөліске салуының басы. Бұл – алыстан ойластырылған, тыңғылықты дайындықпен басталған «үлкен ойын». Тунис пен Мысырдағы, Ливия, Ирак, Йемен мен Сириядағы жағдай барлық араб елдерінде қайталанып, революцияның соңғы нүктесі Сауд Арабиясында қойылады. Болжам солай.
«Дәстүрлі отбасылық құндылықтардың тамырына балта шабу»
Ұзақ мерзімге арналған стратегиялық тәсілдің бірі. Батыс қоғамында бұрыннан бар, қазақ қоғамына 90-жылдардың соңынан сұғына ентелеп келе жатқан «азаматтық неке» осы жобаның бір иірімі. Осыдан махаббат, отбасы, бала-шаға және т.б. құндылықтар аяқасты болуда.
«Жасасын біржыныстық неке!» жобасы
Еркек пен еркектің, әйел мен әйелдің үйленуін, гомосексуализмді жолын тауып насихаттау, саналарға сіңіру.
«Жарқын болашаққа арналған азық-түлік» жобасы
Жер тұрғындарын азайтудағы ең тиімді жоба саналады. Себебі, адамзаттың азық-түліксіз күні жоқ. «Адамға тәжірибе жасауға болмайды, адамзатқа тәжірибе жасауға болады» деген теорияға таптырмайтын тәсіл. ГМО қосылған тағамдар арқылы адамдарды биологиялық мутацияға ұшырату. ГМО қосылған картоп, қызылша, соя, күріш, жүгері, қырыққабат, бұршақ, пияз, алма, банан, томат, кофе, шай, түрлі тәттілер бүгінде кез келген супермаркеттерде самсап тұр.
«Виртуальды өмірге басы бүтін байлау»
Жүздеген миллион қолданушылары бар Желідегі онлайн интернет-ойындармен адамдарды зомби қылып, биологиялық энергиясын сорып алу. Желі алдында жеті сағат отыратындар осылайша ұсақ кеміргіштердің деңгейіндегі биоорганизмге біртіндеп айнала бастағанын өздері де білмей қалады.
«Жоғары мода, жалаңаш әйелдердің мүсінін жарнамалау әдістерімен еркектердің жыныстық жүйесін әлсірету, импотенцияға ұшырату».
Белгілі бір сексопатолог айтқандай, «мұндай арнайы бағытталған реакция еркек денсаулығына мини-атом жарылысынан кем әсер етпейді».
«Жасанды түсік жасату»
Бір ғана түсік жасатудан болатын өлім әлемде кейде соғыстағы өлімнен де артып кетеді екен. Зерттеушілердің мәліметінше, аборт жасатуға миллиардтаған доллар жұмсалады. Ресми есеп бойынша, Қазақстанда жыл сайын 80 мың жасанды түсік жасалады.
Аяғы ауыр әйелдердің түсік тастауын тудыратын және бедеулікке ұшырататын түрлі химиялық қоспалар мен вакциналар саудалайтын фармацевтикалық компаниялар жұмысы жолға қойылған.
1200 жылы жер тұрғындары 360-450 млн, ал 1400 жылы – 350-374 млн адам болған деп есептеледі. Содан бергі өткен 800 жыл ішінде әлгі сан 7,5 миллиардқа жетіп отыр. Не керек, бүгінде демография әлемдік қауымдастықтың басын ауыртатын басты сұрақтардың біріне айналды. Бұл орайда мұсылман халықтардың жылдам өсу феномені Батыс саясаткерлерінің көзіне демографиялық бомба болып көрінуде. Бәрінен бұрын олардың Батыс елдерін жайлап бара жатқаны алаңдатып отыр.
1950 жылы мұсылмандардың саны әлемде 330-350 млн адамды, яғни жер тұрғындарының 13-14 пайызын құраса, бүгінде орта есеппен 1,2 – 1,4 миллиард делінеді. Яғни, 50 жылда төрт есе өскен болып шығады. Осылай кете берсе, 2025 жылға қарай мұсылмандар саны 2 миллиардқа жетеді. Кейбір діни есептеулер бойынша, 2025 жылы мұсылмандар әлем халқының 30 пайызын, христиандар болса 25 пайызын құрайтын болады (2000 жылы 30 пайыз христиан мен 19 пайыз мұсылман болған). Ал осы ғасырдың ортасында мұсылмандар әлем тұрғындарының 33 пайызын құрайды, бұл деген – планетадағы әрбір үшінші тұрғын мұсылман болады, жалпы саны 3 миллиардты құрайды деген сөз. Таяу жылдарда мұсылмандардың үш ірі ошағы: Таяу және Орта Шығыста (Батыс Азия мен Солтүстік Африка) – 733 млн, Оңтүстік және Орталық Азияда – 671 млн, Оңтүстік Африкада – 618 млн және Оңтүстік-Шығыс Азияда – 564 млн мұсылман болатынын әлемдік демографтар қаттап-шоттап отыр. Ал осы ғасыр аяғында мұсылмандардың саны 3 млрд 300 миллионнан асып түседі делінуде.
Міне, мұсылмандардың осыншалықты өсімі Батыстың жымысқы саясаткерлерін шын шошытып отыр. Сондықтан оларды адам санын қалай азайтуға болады деген сұрақ алдымен мазалайды. Мұндайда ең бірінші ауызға алынатыны – соғыс, әрине.
Әлемдік алпауыттардың арманы – алты миллиард адамды қырып, орнына «алтын миллиардты» қалдыру. Ол армандары жүзеге асу үшін адамзат алты есеге азаюы керек...