Негізгі бет  /  Жаңалықтар  /  Экономика мәселелері талқыға салынды

Экономика мәселелері талқыға салынды

Жадыра Аққайыр
519
Экономика мәселелері талқыға салынды Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев экономика мәселелері жөніндегі сараптама кеңесінің отырысын өткізді.

Үкімет үйінде өткізілген жиналыс барысында банк жүйесі мен экономиканың маңызды секторларының бәсекеге қабілеттілігін қалпына келтірудің өзекті мәселелері талқыланды. 

Сарапшылар қазіргі экономикалық жағдайларға алдын-ала талдау жасап, аталған бағыттар бойынша бірқатар ұсыныс жасалды. Премьер-министр тиісті мемлекеттік органдарға сарапшылармен бірлесіп, алға қойылған мәселелерді тереңінен зерттеуге тапсырма берді. Енді Үкімет басшысы келесі өткізілетін отырыста соларға байланысты тиісті орган қызметкерлерінің тарапынан тың ұсыныстар күтетін болады.

Фото: primeminister.kz