Негізгі бет  /  Жаңалықтар  /  Мемлекеттік қызметкерлер сынақтан өтті

Мемлекеттік қызметкерлер сынақтан өтті

Жадыра Аққайыр
512
Мемлекеттік қызметкерлер сынақтан өтті 2016 жылы этикалық нормаларды сақтамағаны үшін 200 мемлекеттік қызметші жауапкершілікке тартылды.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерін кешенді аттестаттау» тақырыбында өткен баспасөз конференциясында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттік төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова мәлім етті.

Спикердің айтуынша, биылғы аттестаттаудың бұрынғылардан ерекшелігі, ол қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін олардың кәсіби даярлығы мен мүмкін­діктерін анықтауға бағытталған. «Бұл бүгінгі қоғамның сұраныс­тары мен халыққа қызмет ету қағи­даларына жауап беретін мемлекеттік аппарат қалыптас­тыру үшін қажет» деп атап өтті төраға орынбасары. 
Биыл «Б» корпусынан шама­мен 65 мың мемлекеттік қыз­меткер кешенді аттестаттаудан өткен. Орталық деңгейде – сарап­шылардан министрлік пен ве­домство депар­та­менттерінің дирек­торларына дейін, облыстық деңгейде – мамандардан жер­гілікті атқарушы және аумақтық органдардың басшыларына дейін, ал аудандық деңгейде – ауыл әкім­діктерінің жетекші маман­дарынан аудан әкімдерінің орынбасарларына дейін және мамандардан аумақтық орган басшыларына дейін аттес­тат­таудан өтетін болады.
Декрет демалысындағы, аяғы ауыр әйелдер, сондай-ақ 3 жасқа толмаған балалары бар әйелдер, 14 жасқа толмаған балаларды тәр­бие­леп отырған жалғызбасты аналар мен әкелер аттестаттаудан боса­тылады. Сонымен қатар зейне­т­ жасына дейінгi қызмет­кер­лер, «А» корпусының кадрлық ре­зервінде тұрғандар және мем­лекеттік қыз­метке алғаш рет алы­н­ып, жұмыс өтілі алты айға жет­пеген қыз­меткерлер сынақтан өтпейді.